RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
«Қазақтелеком» Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған БАҚ үшін шығармашылық байқауды өткізу туралы жариялады. Байқау жұмыстарын қабылдау 2019 жылдың 28 маусымнан бастап 28 тамызға дейін жүргізіледі. Жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрайды.
Байқау «Қазақтелеком» АҚ қызметі туралы қоғамның хабардар болуын арттыру, жаңа технологиялар, күнделікті өмірдегі инновациялық үдерістер туралы, Қазақстанда телекоммуникациялық, инновациялық технологияларды дамыту және қолдану туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру, сондай-ақ технология тақырыбы бойынша журналистердің кәсіптік құзыреттілігін дамыту және жетекші байланыс операторының қызметін жариялауға БАҚ тарту үшін жүргізіледі.
Журналистер арасындағы «Қазақтелеком туралы үздік талдамалық материал» шығармашылық байқауы баспа, теледидар және интернет-басылымдардың өкілдері арасында өткізілуде. Тақырыпты ашып көрсету үшін авторлар телекоммуникациялық оператордың қызметін, қазіргі заманғы байланыс қызметтері мен инновациялардың деңгейін, әрбір қазақстандықтың өміріндегі инфокоммуникациялардың маңыздылығын талдай алады.
Үздік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау байқауы екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде өтеді. Байқау нәтижелері бойынша ірі ақшалай сыйлықтарға ие болатын үш жеңімпаз анықталады: 1 орын - 1 000 000 теңге; 2 орын - 700 000 теңге; 3 орын - 500 000 теңге
Қатысу үшін байқау жұмыстарын pr@telecom.kz электронды поштасына «Байқауға» белгісімен жіберу керек. Материал сілтеме және Word құжатының пішіміндегі мәтін нұсқасымен қоса тіркелуі керек.
Мәтін көлемі 10 000 таңбадан аспауы тиіс, бірақ 5000 таңбадан кем болмауы керек, бейнематериалдардың / әңгімелердің ұзақтығы - 10 минуттан аспауы керек. Байқаудың нәтижелері 2019 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жарияланады.
Жеңімпаздар Комиссия шешімімен анықталады, оның құрамы марапаттау күні жарияланатын болады. Комиссия құрамына журналистер, редакторлар, жетекші іскери және қоғамдық-саяси БАҚ басшылары, журналистика және қоғаммен байланыс саласындағы сарапшылар, саяси қайраткерлер, «Қазақтелеком» АҚ өкілдері кіруі мүмкін.
Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпаратты https://telecom.kz/ «Қазақтелеком» АҚ ресми сайтында баспасөз орталығы бөлімінен алуға болады.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі