RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
Бүгін «Қазақтелеком» АҚ БАҚ үшін шығармашылық байқау жеңімпаздарының есімдерін жариялады. Байқауға қатысуға өтініштер 2019 жылдың 28 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қабылданды. Жалпы жүлде қоры 2 200 000 теңгені құрады.
Журналистер арасындағы шығармашылық байқау «Қазақтелеком» туралы ең жақсы талдамалық материал» тақырыбына баспа, теледидар және Интернет басылымдарының өкілдері арасында өтті. Байқауға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарында 2019 жылдың 28 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында жарияланған материалдар қабылданды.
Материалдарды бағалау кезінде негізгі іріктеу критерийлері - авторлармен тақырыптың ашылуы мен оның өзектілігі, шығармашылық көзқарас, берілген тақырыпқа сәйкестігі, ақпарат мазмұны, сенімділігі мен объективтілігі, байланыс қызметтері нарығындағы жағдайды талдауы, ғаламдық тенденциялар, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялар мен қызметтердің әр қазақстандықтың өміріндегі маңыздылығы ескерілді.Қазылар алқасының құрамына қазақстандық БАҚ басшылары мен «Қазақтелеком» АҚ топ-менеджерлері кірді.
Үздік БАҚ жариялау байқауы екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде өтті. Беделді қазылар алқасының назарына облыстық, республикалық деңгейдегі әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан 50-ге жуық өтінім ұсынылды, материалдардың көпшілігі мемлекеттік тілде дайындалған.Сараптамалық қазылар алқасы Бәсекелестік туралы ереженің негізгі өлшемдеріне сәйкес баға берді.
«Телекоммуникациялар: кеше, бүгін, ертең» талдамалық материалын дайындаған Қызылордалық журналист Жәнібек Исаев 1 000 000 теңге көлеміндегі чекке ие болып, сайыстың жеңімпазы деп танылды: https://tinyurl.com/. Екінші орын мен 700 000 теңге көлеміндегі чек Олжас Қасымға «Smart Aqkol»қазақ тіліндегі материалы үшін берілді, https://tinyurl.com/, үшінші орын және 500 000 теңгелік чек Мәриям Бижикееваға «5G: арнайы мақсатты аймақ» https://tinyurl.com/. байқауында берілді.
«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасының арнайы сыйлығымен Алдаберген Кемпірбаевтың мемлекеттік тілде дайындалған «Smart-қалалардың саны артуда» атты материалы марапатталды.
«Біз ең жақсы талдамалық материал байқауын өткіздік, оның ерекшелігі ақпараттың едәуір көлемін өңдеуді, статистикалық деректерді талдауды, пікірлерді жинауды қамтиды және шығармашылық құрамға ерекше назар аударылды. Үш жеңімпазды таңдау өте қиын болды, көптеген материалдар байқауға қатысуға жарияланған барлық өлшемдерге сәйкес келді. Алайда, тәуелсіз қазылар алқасымен бірге барлық жұмыстарды мұқият зерттеп, талдап, кейбір қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау туралы шешім қабылдадық: Қанат Махамбет –«inbusiness.kz» сайты, Нұрбике Құдайбергенова –«Халық» газеті, Нұрлан Сүйін – «Алматы ақшамы» басылымы және Алмат Әбілхан – «Yvision.kz» платформасы. Барлық материалдардың едәуір бөлігі өңірлік басылымдардан мемлекеттік тілде келгеніне қуаныштымын. Өз кезегінде біздің компания бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне спикерлер мен қажетті ақпаратты ұсынуға әлі де дайын. Біз әрқашан «Қазақтелеком» сарапшыларының қатысуымен сындарлы сұхбатқа, қызықты және өзекті тақырыптарға қуаныштымыз» - деді «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Естеріңізге сала кетейік, байқау «Қазақтелеком» АҚ қызметі туралы, жаңа технологиялар, күнделікті өмірдегі инновациялық үдерістер туралы, оң қоғамдық пікірді қалыптастыру, Қазақстанда телекоммуникацияны, инновациялық технологияларды дамыту және қолдану туралы халықтың хабардар болуын арттыру, сондай-ақ журналистердің технологиялық саладағы кәсіби құзыреттерін дамыту және жетекші байланыс операторының қызметін жариялауға БАҚ-ты тарту мақсатында өткізілді.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі