RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
"Қазақтелеком" журналистер арасындағы байқауды 2020 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл әр салаға және қазылар алқасының қарауына жіберілген материалдардың санына әсер еткен карантиндік шектеулерге байланысты болды. Сондықтан "Қазақтелеком" компаниясы журналистердің бағалы сыйлықтар алу мүмкіндігін арттырып, байқауды ұзартуды шешті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін байқауды өткізу мерзімі 28 маусым мен 28 қыркүйек аралығында болатын.
Айта кетейік, баспа және интернет-басылымдар, телевидение материалдарды ұсыну нысанына қарамастан БАҚ-тың кез-келген қызметкері "Қазақтелеком" туралы үздік сараптамалық материал» байқауына қатыса алады. Жалпы жүлде қоры - 2 200 000 теңгені құрайды. Байқау қорытындысы бойынша 6 жеңімпаз анықталады:
1️⃣ орын - екі жеңімпазға 500 000 теңгеден;
2️⃣ орын - екі жеңімпазға 350 000 теңгеден;
3️⃣ орын - екі жеңімпазға 250 000 теңгеден.
«Біз байқаудың шарттарын ұзарту туралы шешім қабылдадық, өйткені байқау республикалық болғандықтан, оған орталық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарынан үміткерлердің барынша көп қатысуын қалаймыз», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Сара Бакирова.
Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған байқау компания үшін жыл сайынғы дәстүрге айналды. Ол ел азаматтарына "Қазақтелеком" АҚ жұмысы, технологиялар мен IT салаларындағы соңғы трендтер, инновациялар, телекоммуникация саласындағы жаңа өнімдер және т.б. туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.
«Біз үшін күн сайын және адамдармен тікелей жұмыс істейтін компания ретінде қазіргі бар абоненттерге және болашақта біздің қызметтерді пайдаланатын абоненттерге саладағы барлық өзгерістер мен компанияның жаңалықтары туралы хабарлау өте маңызды. Біз мұны әртүрлі байланыс арналары, соның ішінде өзіміздің, сондай-ақ әлеуметтік медиа арқылы жасаймыз, бірақ халықты ақпараттандырудың басты құралы БАҚ болып қала береді.
Сондықтан бұл байқау жетекші байланыс операторының үдерістерін жариялауға БАҚ назарын тартудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті "Қазақтелеком" қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Сара Бакирова.
Байқаудың қатысушысы болу үшін 2020 жылғы 28 маусым мен 1 желтоқсан аралығында БАҚ-та қазақ және орыс тілдерінде жарияланған бірегей, авторлық материалдарды біздің pr@telecom.kz электронды мекенжайымызға жіберу керек.
Нәтижелері Тәуелсіздік күні қарсаңында құрамына белгілі журналистер мен еліміздің жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тың бас редакторлары кіретін Байқаудың комиссия мүшелерімен жарияланады.
Байқауға қатысу шарттары туралы толық ақпарат «Қазақтелеком» АҚ ресми сайтында, «Журналистерге арналған байқау» бөлімінде орналасқан.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі