RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
Елордада Chocomart.kz онлайн-гипермаркетінің қабылдау пункті ашылды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы республиканың орталығында орналасқандықтан, қабылдау пунктінің іске қосылуы аймақтардағы тұтынушыларға көршілес Ресейден жеткізілетін тауарларды тасымалдау шығындарын үнемдеу және тауарларды жеткізу мерзімдерін қысқарту арқылы өз тапсырыстарын жедел әрі арзан алуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың басында «Қазақтелеком» Chocomart.kz электронды коммерциялық платформасын сатып алған болатын және үш жыл ішінде интернет-дүкендегі тауарлар түрін 20 мыңнан 90 мыңға дейін ұлғайтты, клиенттерге қызмет көрсету алгоритмін қайта құрып, жеткізу және төлем түрлерін кеңейтті сонымен қатар тауарларды сатып алуға арналған жаңа қызметтер мен құралдарды қосты.
«Бұрын бізде осындай өзі алып кету нүктесі тек Алматыда жұмыс істейтін, қазір біз жеткізу пункттерін логистика тұрғысынан оңтайландыру үшін Елордадан осындай пункт ашамыз. Тұтынушыларымыздың тапсырыс берген тауарларын тезірек алуы біз үшін өте маңызды және мұндай нүктенің болуы жұмыс алгоритмін жеделдетуге мүмкіндік береді», - дейді Данияр Бектұрсынов, Chocomart.kz бас директоры.
Бүгінгі таңда Chocomart.kz мамандары ай сайын 6 мың тауарды өңдеп, жеткізеді және 2021 жылдың бірінші тоқсанында компания жарты миллиард теңге кіріс алды. Болашақта республиканың барлық аймақтарының тұрғындары Chocomart-тан сауда жасауды ұнататындай етіп, онлайн гипермаркеттің дамыған инфрақұрылымының арқасында қаржылары және уақыттарын үнемдейтін жаңа пункттер мен бөлшек сауда орындарын ашуды жоспарлап отырмыз.
«Қазіргі кезде компанияның алдында тұрған негізгі мәселе - қызмет көрсету және жеткізу сапасын жақсарту, сонымен қатар тауарлардың түрін көбейту. Егер Chocomart-ты сатып алғаннан бергі жүріп өткен жолымызды саралайтын болсақ, тұрақты өсудің оң үрдісін байқаймыз, бұл әрине қуантады», - дейді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Айта кету керек, Chocomart клиенттері үшін төлем жасаудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде бөліп төлеу және серіктес банктер арқылы несиелеу. Сонымен қатар, онлайн-гипермаркеттің өнімдері екінші деңгейлі банктердің барлық базарларында (Kaspi-дүкен, Fortemarket, Jmart) тұтынушыға ыңғайлы сатып алу үшін ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы төтенше жағдай жарияланып, карантиндік шаралар қатаңдатылған кезде, халық үйден шыға алмай қалған уақытта, Chocomart.kz ірі мегаполис болып табылатын Алматы қаласында үйден есікке дейін тамақ жеткізу қызметін іске қосты. Оы уақытта Chocomart.kz мамандары 1,2 миллиард теңгеге 24 мыңнан астам тауар жеткізді.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі