RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
Алғаш рет жоғары жылдамдықты Интернет Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Абай ауылының тұрғындарына қолжетімді болды. Бұған дейін бұл ауылда ұялы байланыс немесе Интернет болған жоқ. Кентте 270-тен астам адам тұрады, олар үшін соңғы уақытқа дейін байланыстың негізгі арнасы сымсыз технология бойынша телефон болды.
Осы жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның техникалық қолдауымен Абай ауылына дейін жоғары жылдамдықты интернет жүргізілді. Алайда бұл ауылға интернет жүргізу оңай шаруа болған жоқ. Мәселелердің бірі-ауылдың алыс орналасуы және сымды байланыстың болмауы. "Қазақтелеком" АҚ Орталық өңірлік дирекциясы интернетті WI–FI сымсыз радиоқолжетімділік технологиясы бойынша қосу туралы шешім қабылдады. Абай кентінде бірінші болып цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды ауыл әкімдігінің мамандары бағалады.
"Біздің ауылда Интернеттің пайда болуы жаңа әлемге көз ашты. Бұрын біз телефон арқылы селекторлық жиналыстар өткізетін едік. Қазір онлайн режимге көштік. Ауыл тұрғындары үшін барлық анықтамаларды біз e-gov порталы арқылы береміз, Мемлекеттік сатып алуға қатысамыз, есептерді ауданға кідіріссіз жібере аламыз. Қазір ZOOM қосымшасы арқылы біз үшін онлайн-оқытуды Аграрлық несие корпорациясы мен Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жүргізеді, жергілікті билік өкілдері ретінде біз әрбір тұрғынға ауылдастарымызға түрлі несиелеу бағдарламалары мен өз ісін ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалары бойынша ақпарат жеткіземіз", - дейді Абай ауылдық округінің әкімі Қайыржан Тұрғанбеков.
Қайыржанның өзі бір жылдан бері Абай ауылының әкімі қызметін атқарып келеді. Оның айтуынша, цифрландыру процесінің арқасында бірнеше жас отбасы ауылға орала бастады. Білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жастар ауылда жұмыс істей отырып, өз ісін ашуды жөн көреді.
Бекзат Сатиев ауылдағы жаңа перспективалар үшін Балқаш қаласында тұрақты жұмысын қалдырғандардың бірі. Ауылды Интернетке қосу-оның келуінің де басты себептерінің бірі.
"Абайда интернет өткізгеннен кейін мен ауылға келуді шештім. Әзірге менің отбасым қалада. Қазір уақытта мен кірпіш цехын ашу үшін жұмыс жасап жатырмын. YouTube арнасы арқылы мен шлак, көбік және газ блоктарынан кірпіш жасау технологиясын үйрететін түрлі бейне сабақтарды көремін. Маған қаладан маман жалдап, оның қызметтері мен жолына қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте бұл үшін бізде пайда болған сапалы интернет қажет", - дейді Абай ауылының тұрғыны Бекзат Сатиев.
Бекзат цехтың жұмысын жолға қойылғаннан кейін кірпішті аудан және облыстың басқа да қалаларына заманауи интернет–сервистер арқылы онлайн сатуды жүзеге асыруға ниетті.
Әнуар Смаханов та көп жыл Қарағанды қаласында тұрады және жұмыс істейді. Бірақ Абай ауылына көшудің алғашқы қадамдарын жасап жатыр. ІҚМ өсіру және шұжық цехын ашу Әнуар жоспарлап отырған жалғыз іс емес. Білімі бойынша дизайнер бола тұра, Әнуар өзінің хоббиі – ағаштан бұйымдар жасаумен айналысқысы келеді. Сондықтан шеберхананың ашылуы оның жоспарларындағы тағы бір мәселе. Қазір Әнуар Абайға жиі келеді, шаруашылыққа қажетті барлық жайларды жайластырумен айналысады.
"Ауылда адамдарды ұстап тұру үшін жұмыс орындары қажет. Сондықтан мен өз ісімді құруды және дамытуды бастауды жоспарлап отырмын, ал интернет маған сатуды ілгерілетуге көмектеседі. Менің анам Абайда тұрады және жақында ол үйде отырып бизнесті қалай бастау керек, зейнеткерлерге қалай ақша табуға болады деген мәселені қолға алды. Ол "Бизнес бастау" онлайн оқыту курсын, сондай-ақ Ютуб арқылы бизнесті бастауға көмек беретін түрлі оқыту курстардан өтті. Біраз уақыттан кейін watsapp және Instagram-да жарнама арқылы ол үйде дайындалған қышқыл сүт өнімдерін – айран, сүзбе, құрт, май сата бастады. Нәтижесінде Қарағандыдан, тіпті Астанадан да тапсырыстар пайда болды", - дейді Әнуар Смаханов.
Жақында Әнуар ауылдастарымен бірге кентте саябақ салуға бағытталған ақшалай қаражат жинау қорын ашты. Бұл туралы ақпарат барлық мессенджерлерге жіберілді. Жергілікті тұрғындар мен ауылда тұрып, оқыған адамдар бірігіп және қысқа мерзімде қажетті соманы жинады. Әнуардың өзі Абайдың бейнесі бар эмблема жасады.
Абай ауылындағы жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға байланысты мұғалімдер мен медицина қызметкерлері де риза.
"Қазір біз науқастарды қабылдауға, медициналық тексеруге, УДЗ, облыстың аудандық және басқа да қалалық ауруханаларына скринингке электрондық жолдама бере аламыз. "Дамумед" қосымшасын пайдалану өте ыңғайлы, - дейді Абай ауылының медпукт медбикесі Динаш Бекежанова.
"Біздің кітапханада 7 мыңға жуық кітап бар. Бұрын сұралған әдебиеттерді сөрелерден, әріптерден іздейтін едік, қазір бәрі цифрландырылып, базаға енгізілді. Біздің кітапханада интернет болғаны жергілікті мектеп оқушылары берілген тақырыпқа реферат немесе баяндама дайындай алатыны қуантады", - дейді Абай ауылының кітапханашысы Әсел Махсутова.
Жоғары жылдамдықты интернеттің келуімен "Абай" ауылдық клубының өмірі де өзгерді. Жақында Instagram Facebook әлеуметтік желілерінде клубтың аккаунты пайда болды, онда ауылдың барлық мәдени-демалыс іс-шаралары жедел орналастырылады.
Жалпы, Ақтоғай ауданының тағы 4 ауылында WI-FI сымсыз радиоқолжетімділік технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернет пайда болды. Бұл Нарманбет, Құсақ, Сарытерек және Қараменде Би ауылдары. Ауылдардың барлығында бұрын Интернет болмаған.
«Қазақтелеком» АҚ
қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі