Жылдамдығы жоғары интернетке бар болғаны үш қадам
Пайдаланушыға қысқаша нұсқаулық
Адаптерді роутерге қосыңыз
Wi-Fi сигналы жақсы болу үшін барлық антеннаны тігінен қойыңыз
Роутерге қуат адаптерін қосыңыз, содан кейін желілік кәбілдің көмегімен роутердің WAN портын немесе WAN/LAN автоматтыанықтаушы портын оптикалық болмаса кеңжолақты модемнің LAN портына қабырғадағы желілік портына қосыңыз. (Wi-Fi сигналы жақсы болу үшін барлық антеннаны тігінен қойыңыз).
Мобильді телефонды немесе компьютерді роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз (пароль қажет емес). Роутердің төменгі панеліндегі Wi-Fi желісінің атауын (Wi-Fi name) тексеріңіз.
Браузерді ашып, содан кейін мекенжай жолағына 192.168.3.1 енгізіңіз. Роутерді орнату үшін нұсқауларды орындаңыз.
Индикатор
-
Жасыл жанып тұр Желіге қосылған
-
Қызыл жанып тұр Желіге қосылмаған
-
Жыпылықтап тұр Роутер қосылуға болатын құрылғыны анықтады
Сұрақтар
-
"SAPA+" дегеніміз не?
"SAPA+" - бұл қосымша жабдықты тегін орнату есебінен оптикалық желілермен (FTTx) қосылған Қазақтелеком клиенттерінің Wi-Fi арқылы интернет байланысын жақсартуға бағытталған жоба. Ол пайдаланушылар үшін желінің жылдамдығы мен сенімділігін арттырады.
-
Маған роутер орнатылатынын қалай білуге болады?
telecom kz мобильді қосымшасынан сіз "SAPA+" жобасының қатысушысы екеніңізді тексере аласыз. Верификацияланған нөмірді пайдаланып, қосымшаға кіріңіз. Бағдарлама критерийлеріне сәйкес келетін клиенттер хабарламаны бірден көре алады немесе басты беттегі "Роутерді алу" түймешігі арқылы бөлімге өтуіңізге болады.
-
Роутерді алу үшін өтінімді қалай қалдыруға болады?
telecom kz мобильді қосымшасына кіріңіз. Басты беттегі "Роутерді алу" түймешігін басыңыз. "Жалғастыру" түймешігін басып, "SAPA+" жобасының шарттарымен танысқаныңызды растаңыз. Өтінімді ресімдеуді аяқтау үшін "Растау" түймешігін басыңыз. Егер сізде проблемалар туындаса, 160 нөміріне хабарласыңыз. "SAPA+" жобасы туралы ғана емес, басқа да маңызды ақпаратты алу үшін телефон баптауларында хабарландыруларды қосуды ұмытпаңыз.
-
Роутерді орнату тегін бе?
Иә, Қазақтелеком роутерлерді тегін орнатады.