clear
VoLTE технологиясын Қазақтелекомның ALTEL желісіндегі абоненттері ғана қолдана алады
VoLTE технологиясы дегеніміз не?
Сөйлесіп тұрған адам дәл жаныңда тұрғандай әсер аласың. Дауыс HD Voice стандартымен беріледі
Телефонмен сөйлесіп тұрып, 4G мобильді интернетін қолдана бересіз
Қоңырау лезде жетеді: 4G желісінде қосылыс жылдам
VoLTE технологиясын тегін қолдана аласыз
Арнайы қосымша орнатудың қажеті жоқ
Бүгінгі таңда смартфон өндірушілері «VoLTE» технологиясын бірнеше телефон моделінде қолдануға болатынын мәлімдеді
Алдағы уақытта бұл технологияны қолданатын құрылғылардың модельдік қатары көбейе түспек
VoLTE технологиясын қолданатын өндірушілер
VoLTE-сіз қоңырау соққанда, 4G желісіндегі смартфон уақытша 2G/3G желісіне ауысып, қоңырау аяқталған соң қайта 4G желісіне қосылады. VoLTE технологиясымен қоңырау шалу кезінде де 4G желісінде қаласыз.
Қызмет мына жағдайларда автоматты түрде қосылады:
Егер қоңырау соққанға дейін және сөйлесу барысында да смартфон LTE желісіне қосулы болып, 2G немесе 3G желісіне ауыспаса, демек, VoLTE технологиясы жұмыс істеп тұр.
Қоңырау соғу кезінде тарифтік жоспарға сәйкес минуттар шегеріледі. Интернет-трафик жұмсалмайды.
VoLTE арқылы соғылған қоңыраудың барлығы әдеттегідей тариф шарттарымен есептеледі.
VoLTE Қазақстанның LTE желісімен қамтылған бүкіл аумағында қолжетімді.