2010 жылдың 12 шілдесінде өткізілген Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары

«Қазақтелеком» АҚ (010000, Астана қ., Абай даңғылы, 31) өз акционерлеріне 2010 жылдың 12 шілдесінде өткізілген Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысын хабарлайды.

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысына толықтыру енгізу туралы» күн тәртібінің № 1 мәселесі бойынша Қазақстанның Республикасының «Акционерлiк қоғамдар туралы» заңының 36 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына, «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоғамының Жарғысына келесiдей толықтырулар енгiзілсін:

1) Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген Қоғам Жарғысының 7 бабы 2 тармағы (2008 жылдың 15 тамызы күнгі № 37-шi хаттама), келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) Бағдарламалық өнімді, жабдықтарды, консалтинг қызметі қосылатын ақпараттық технология саласы қызметі, сондай-ақ ақпараттық жүйені енгізу және сервистік қызмет көрсету қызметі».

2. Қоғам Басқармасының төрағасы Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев:

1 ) Қоғам Жарғысының толықтыруына қол қойсын;

2 ) осы шешiмнен шығатын қажетті шараларды қабылдасын.

Осы мәселе бойынша шешімдауыс беруші акциялардың жалпы санының білікті көпшілігімен қабылданды.

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «С.Б. Саудабаевты сайлау туралы» күн тәртібінің № 2 мәселесі бойынша Қазақстанның Республикасының «Акционерлiк қоғамдар туралы» заңының 36 бабының 1 тармағы 5) тармақшасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29 бабының 1 тармағы 7) тармақшасына, «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Серiк Болатұлы Саудабаев («Самұрық-Қазына» АҚ өкiлі) «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 30 бабы 12 тармағында қарастырылған мерзiмге «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамына сайлансын.

Осы мәселе бойынша шешiм, жинақы әдiспен дауыс беру бойынша қабылданды.

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет