2012 жылдың 28 желтоқсанына тағайындалған «Қазақтелеком» акионерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыру енгізу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 06.12.2012 жылғы № 13 шешіміне байланысты, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Басқармасы (010000, Астана қ., Абай даңғ. 31) өз акционерлерін Астана қ. Сауран көш., 12 мекенжайындағы «Қазақтелеком» АҚ мәжіліс залында 2012 жылдың 28 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 15-00-де «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне №5 «Қазақтелеком» АҚ Дивидент саясаты туралы ережені бекіту жайында», №6 «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», №7 «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директорларына жылдық тіркелген сыйақы  және қосымша сыйақы беру  мөлшерін анықтау туралы» қосымша мәселелер енгізілетінінен хабардар етеді.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы  қайтадан 2013 жылғы 18 қаңтар күні сағ. 15-00-де болады.

Акционерлерді тіркеу 2012 жылдың 28 желтоқсанында сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін  жүргізіледі.

Өзімен бірге жеке куәлігі, дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхаты (сенімгер тұлғаға) болуы тиіс.

Толықтыруларды ескере отырып ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Жаңа редакциядағы «Қазақтелеком» АҚ Жарғысын бекіту туралы.
  2. «Қазақтелеком» АҚ Жалпы жиналысы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  3. «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  4. «Қазақтелеком» АҚ Тәуелсіз директорларды таңдау саясатын бекіту туралы.
  5. «Қазақтелеком» АҚ Дивиденттер саясаты туралы ережені бекіту туралы.
  6. «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  7. «Қазақтелеком» АҚ тәуелсіз директорларына жылдық тіркелген сыйақы  және қосымша сыйақы беру  мөлшерін анықтау туралы.

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет