«Телекомоммен бірге» байқауының шарттары

Конкурстың мақсаты

1. «Қазақтелеком» АҚ тегін сынақ мерзімінен өту және одан әрі Компанияға жұмысқа тарту үшін дарынды студенттерді анықтау.


Қатысушылар

2. «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Есептеу техникасыжәнебағдарламалық жасақтама», «Маркетинг» мамандықтары және Конкурста көрсетілген тақырыптарға қатысы бар басқа қосалқы мамандықтарбойынша 3-4 курс студенттері. Жоба авторы ретінде бір адам немесе 2-3 адамнан құралған топ бола алады. Бір автормен ұсынылған жобалар саны шектелмейді.


Конкурсты ұйымдастырушы

3. «Қазақтелеком» АҚ


Конкурс шарттары

4. Конкурсқа келесі тақырыптар бойынша өз бетінше орындалған және аяқталған жобалар ұсынылады:

1)сату жолдарын дамыту: қалай жаңа клиенттерді тарту;

2) абоненттер/клиенттердің ниеттестілігін арттыру үшін «Қазақтелеком» АҚ ынтымақтастық және серіктестік бағдарламасының нұсқалары;

3) қызметтерге төлем құралдарын (қызметтер төлемінің жаңа нұсқалары), «сандық экономика» құралдары;

4) жаңа технологияларды қолданумен «Қазақтелеком» АҚ желілерін оңтайландыру;

5) инженер қызметкерлердің өнімділігін арттыру жолдары;

6) байланыс қызметтері сапасын арттыру жолдары.

5.Конкурстық жұмыстар өзекті, жүзеге асыруға бағытталған, сондай-ақ ұсынылған тақырыпты ашуға және мағынасы бойынша аяқталған жоба болуға тиіс. Конкурстық жұмыста фотосуреттер, тұсаукесерлер, іс-шараны өткізуге қажетті қосымша материалдардың бар болуы құпталады бірақ міндетті болып табылмайды.

Сондай-ақ, қолданылған әдебиеттер/алынған көздердің тізімін көрсету қажет.

Конкурстық жұмыста келесі бөлімдер болуға тиіс:

1) тақырыбы;

2) жұмыс авторының деректері (барлық серіктес авторлар) – қатысушының аты-жөні (немесе авторлар тобының);

3) конкурсант оқу оқитын жоғары оқу орнының атауы;

4) мамандығы, курсын көрсетумен факультет атауы;

5) жоба атауы.

Конкурстық жұмыс қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылған түрінде (А4 форматтағы қағаз тасымалдаушыда) және электрондық түрде, Times New Roman шрифтімен, 14 кегль, бір реттегі жол аралығымен ұсынылады. Беттердің өлшемі: жолағы – жоғарғы және төменгі – 2 см., сол жағы – 3 см., оң жағы – 2 см. Абзацтың бірінші жолағындағы жол шегінісі 1,5 см. Мәтінді енімен тура түзету.

6. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда конкурстық Комиссияның ұсынылған жобаларды қарастырмауға және қабылдамауға құқы бар.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды.


Конкурсты өткізу кезеңдері және мерзімдері

7. Конкурс екі кезеңмен өткізіледі:

I кезең: 2015 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 21 ақпанда сағат 18.00 дейін конкурстық жұмыстар: internship@telecom.kzэлектрондық адресте қабылданады.

2016 жылғы 22 ақпаннан бастап 29 ақпан аралығында – Комиссия ІІ кезеңге қатысу үшін 10 үздік жобаны іріктейді.

II кезең: 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 11 наурыз аралығында –10 үздік жобаны көпшілік алдында қорғау.


Конкурстық жұмыстарды бағалау критерииі

8. Ұсынылған жобалар Комиссиямен келесі критерийлер бойынша 5 баллдық шкаламен бағаланады:

1) ұсынылған материалдың берілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) тақырыпты дәлелдеу және әзірлеу дәрежесі;

3) практикалық маңыздылығы/құндылығы;

4) жобаны жүзеге асыру тиімділігі;

5) инновациялығы;

6) жобаның нақты орындалуы.


Жеңімпаздарды анықтау

9. Бағалау нәтижесі және көпшілік қорғаудан кейін конкурстық Комиссия 3 үздік жобаны таңдайды және оларды бағалы сыйлықтармен марапаттау үшінұсынады.

Финалистер саны конкурстық Комиссиямен анықталады.

Жеңімпаздардың аттары марапаттау рәсіміне дейін жарияланбайды.


Жеңімпаздарды марапаттау

10. Барлық жүлдегерлер мен финалистер Компаниядан естелік жүлделер алады.

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет