my.telecom.kz ішкікорпоративтік портал туралы ақпарат

«Қазақтелеком» АҚ  бірде-бір жүзеге асырылып жатқан  әлеуметтік және инновациялық  жобаларының бірі my.telecom.kz.ішкікорпоративтік HR-порталы болып табылады. Осы жобаға 2011 жылға корпоративтік  жобасының мәртебесі берілген.

  Портал қызметі «Қазақтелеком» АҚ  Кадрлық саясаты принциптері негізінде құрылған:

  • Компанияның барлық қызметкерлерін қамту;
  • Компания ішіндегі  үдерістер айқындылығы;
  • Кері байланыстың бар болуы; 
  • Психологиялық  климатты  анықтау;
  • Корпоративтік  рухты  қалыптастыру  және дамыту;
  • Көшбасшылық қасиеті бар белсенді, шығармашылыққа бейімді қызметкерлерді анықтау.

Порталды құру 2004 жылы жолға қойылған. Осы жылы  жобаны алғашқы рет  жүзеге асыруға қадам жасалды. Бірінші портал  қарапайым болған және қысқа мерзім ішінде ғана қолданыста болды. Бірақ ұсыныстар талқылауын тоқтатпады және әрі қарай дами берді. 2007 жылы  Қызметкерлерді басқару және дамыту департаменті мен Ақпараттық технологиялар  блогы қызметкерлері арасынан  портал модераторы  командасы құрылған. Қоғамның әрбір қызметкері үшін  жобаның маңызды екендігін есепке ала отырып, командамен мұқият порталдың құрылымы, мазмұны, толықтырылуы әзірленіп отырды. Портал дизайнына ерекше көңіл бөлініп отырды. Өйткені портал өзінің негізгі қызметі компания қызметкерлері үшін  басты ақпарат көзі, бейресми түрде қарым-қатынас жасау құралы, Қоғамның барлық қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстары мен идеяларын жинақтау ғана емес және де пайдалануға қолайлы, ол қажет емес ақпаратпен толтырылмаған, әдемі және эксклюзивті болуы қажет еді.

Жобаның  кең ауқымды ашылуы 2010 жылы жүзеге асырылды. 2010 жылғы 26 қараша порталдың  туған күні болып есептеледі.

Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментімен, Қоғамның HR-құрылымдарымен жүргізіліп отырған үлкен жұмыстың арқасында, компанияның топ-менеджментінің белсенді қолдауымен, ІТ-құрылымдарының көмегімен портал өзінің алғашқы қадамдарын жасап дамып келеді. Бүгін біздің портал- қазіргі заманғы HR және IT-технологиялары тоғысуындағы маңызды жоба, компанияның ішкі әлеуметтік желісі. Портал Қоғамның таралған құрылымын, Қоғамның  Орталық аппараты мен 23 филиалын бірлестіре отырып қамтиды. Порталдың бүгін  13 000 жуық пайдаланушылары бар. Әр күн сайын портал ақпаратқа толы, мазмұнды, ал ұжымы берік және ынтымақты болып келеді.

Порталда 10 бөлім бар, олар:"Мен - Қазақтелеком клиенті", "Форум", "Білім орталығы", "HR-менеджмент" және т.б. олардың Қоғамның әртүрлі  өндірістік процестері мен бағыттары, корпоративтік, танымды, оқыту сипатындағы  ауқымды мазмұны бар.  Үнемі  ақпараттық материалды  жаңарту және толықтыру бойынша  едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді, күн сайын  жаңалықтар жаңартылып отырады. ИТ-технологиялардың тез арада дамуын есепке ала отырып, ИТ-блокпен бірлесе контенттің және портал сервистерінің  техникалық дамуы жүзеге асырылып келеді.

Порталда кері байланысты  анықтау құралдары (форум, дауыс беру, түсінік беру және т.б.) белсенді жұмыс істеп келеді. Портал пайдаланушыларымен көкейкесті  өндірістік тақырыптар, Қоғамның  корпоративтік мәдениетін дамыту, кәсіби даму мен өсу туралы  жүздеген тақырыптар, зияткерлік тақырыптар, ондаған мың хабарламалар құрылған. Пайдаланушылардың кең көлемді аудиториясын портал қызметіне тарту, тақырыптарды талқылауға белсенді қатысу, ақпаратты «төменнен» сүзгіден өткізбей алуға мүмкіндік береді.

Корпоративтік  мәдениет элементі, кері байланысты ұйымдастыру құралы ретінде ішкікорпоративтік  порталда  ұдайы түрде компанияның топ-менеджерлерімен  онлайн әңгімелесулер жүргізіледі. Осылайша екі жыл ішінде, Басқарма Төрағасымен, Қоғамның  бас директорларымен  жиырма шақты  онлайн-әңгімелесулер өткізілді, оның ішінде пайдаланушылармен  мыңға жуық сұрақтар қойылды. Онлайн әңгімелесу компания қызметкерлерінің өзекті сұрақтарын, оларды қызықтыратын, толғандыратын мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Пайдаланушыларды көп қызықтырғаны порталда өткізілген конкурстар. Порталдың екі жылдық жұмысында жүздеген конкурстар өткізілді, оған мыңдаған қызметкерлер қатысты. Конкурс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.

Ерекше маңыздысы  балалар суреті конкурсы, оның өткізілуі туралы  міне екі жыл бойы порталда көрсетіліп келеді. Балалар суретін порталға орналастыру, барлық филиалдарға бір мезгілде суреттерді көруге және дауыс беруге, осы конкурсты мобильді, ашық, айқынды етуге мүмкіндік береді.

Портал қызметі барысында компанияның құрылымдық бөлімшелерінің іскери қарым-қатынасы деңгейі едәуір артты, қарым-қатынастағы  географиялық шекаралары қысқартылды, әлеуметтік-еңбек қатынастары  оң даму шешімін тапты. Біз бір-бірімізді тани бастадық, достастық, ұйымшыл болдық, түсініссіздіктер мен қарсылықтар азайды.

Бұдан басқа, портал Қоғамның  белсенді, жарқын, креативті, құштар, дарынды қызметкерлерін анықтауға көмектесті. Олар форумдағы  тақырыптарды әзірлеу мен қолдай отырып, конкурстарға қатысумен, компания қызметін жақсарту бойынша  нақты іс-шаралар ұсынумен көшбасшылық, басшылық ету  қасиеттерін көрсете білді. Олардың аттарын тек қана  портал пайдаланушылары ғана емес, барлық компания қызметкерлері тани білді. Осы Қоғам қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ Бірінші Жастар Форумына қатысушылардың ұйытқысы болды, онда  «Жастелеком» Жастар ұйымын құру туралы маңызды шешім қабылданды, Қоғамның Жастар саясатын  қалыптастыру және дамыту үшін Жастар кеңесі сайланды.

Порталдың  белсенді пайдаланушылары, Қоғамның Жастар кеңесі мүшелері  порталды әкімшіліктендіруге, оны жаңғырту бойынша  идеяларды ұсынады және жүзеге асырады, дамытады және ілгерлетеді, порталдағы  жеке іс-шараларды өткізуге жауапкершілікте болады. Осылайша, ағымдағы жылдың қазан айында Жастар кеңесінің күшімен апталық өткізілді, оның барысында  қызықты статистикалық  деректер ұсынылды.

Қызметтің  маңызды бағыттарының бірі компания қызметкерлерінің  инновациялық ойлауын және қатысу  дәрежесін арттыру  болып табылады. Қазіргі уақытта осы мақсатта  компания менеджментінен корпоративтік  вебинарлар (электронды семинарлар, тренингтер, тұсаукесерлер) жүзеге асырылуда. Бұған  қашықтан оқыту жүйесі жатады, бұл жүйе қазіргі заманға сай, жетілдірілген күйінде бізде бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұдан басқа, Білім орталығын Қоғамның электрондық кітапханасы  ресурстарымен толықтыру жоспарланып отыр.

Портал қызметінің нәтижесі туралы портал пайдаланушыларының көптеген оң, шаттанған  пікірлерінен көруге болады, мысалы: "Портал  бізге бір-бірімізді жақынырақ  тануға, достасуға, қарым-қатынас жасауға, идеялар мен тәжірибелерімен бөлісуге, қуануға және бірге талқылауға, күлуге және таң қалуға, өз білімдерімізді толықтыруға, көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды алуға мүмкіндік берді», "Ең бастысы - портал бізді көптеген  нәрсе біріктіретінін көрсетті! Бұл тек қана біздің  жалпы еңбегіміз емес, жалпы мүдделер, жалпы ойлар, өз еңбек ұжымдық өмірімізді жақсартуға талпыну», "Сенің көмегіңнің арқасында, біз бәріміз үлкен отбасы сияқты - қазақтелекомдықтармыз!"...

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет