Тағылымдама бағдарламасы

PROtelecom - «Қазақтелеком» АҚ PRO кәсіби маман бол!

«Қазақтелеком» АҚ 3 ,4 курс және магистратура студенттері үшін PROtelecom тағылымдамадан өтудің кең көлемді бағдарламасы іске қосылды.

«Қазақтелеком» АҚ кәсіби маман бол – бағдарлама үшін осындай слоган таңдалды. Және бұл кездейсоқтық емес - Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы тағылымдамадан өту үшін еліміздің барлық дарынды студенттеріне есігін ашады.

2018 жылы Бағдарлама Астана және Алматы Жоғары оқу орындарының 3,4 курс және магистратура студенттеріне бағдарланған, олардың ішінде: АЭЖБУ, ҚАЗҰУ, ALMAU, ХАТУ, Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, ЕҰУ, КАЗНИТУ, SDU, ҚБТУ.

Қалай қатысуға болады?

Өтінімдер 2018 жылғы 09 наурызға дейін қабылданады

Конкурстық іріктеу кезеңдері:

  1. Өтінімдерді жинау 2018 жылғы 09 наурызға дейін
  2. Кәсіби білімдері мен қабілеттерін анықтау, сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты талдау дағдыларын тестілеу 2018 жылғы 30 наурызға дейін.
  3. Сұхбат. Өзін-өзі таныстыру 1-3 минут (Microsoft Power Point форматында) (тақырып шектелмеген).
  4. Тағылымдамадан өту туралы ұсыныс 2018 жылғы 30 сәуірге дейін.
  5. Welcome тренинг/бағыттау курсы.
  6. Тарту – тәлімгермен жобалық жұмыс, жеке білім беру траекториясын құру, дамыту 2018 жылғы 30 тамызға дейін.

Қазақтелекомда студенттер үшін тағылымдама:

  • Икемді жұмыс кестесі
  • Бос орындар болған кезде одан әрі жұмысқа орналастыру мүмкіндігі
  • Жұмыс 1 айдан бастап 4 айға дейін
  • Қазақстанның телеком нарығында көшбасшы компанияда жұмыс тәжірибесі
  • Өзінің Дипломдық жұмысы үшін рецензент табу мүмкіндігі
  • Бизнес ортадағы нақты жобаларға қатысу мүмкіндігі.

Сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет