«Қазақтелеком» АҚ (010000, Астана қ-сы, Абай д-лы, 31) 2013 жылғы 27 желтоқсанда өткізілген Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының нәтижелері туралы өз акционерлерін хабардар етеді

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» күнтәртібінің № 1 мәселесі бойынша

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес  «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  «Қазақтелеком» АҚ Жарғысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

29-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) бөлінбеген пайданы бөлу туралы шешім қабылдау;».

2. «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы:

1) «Қазақтелеком» АҚ акционерлері атынан «Қазақтелеком» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойсын;

2) өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға сеніп тапсыру құқығымен Қазақстан Республикасының әділет органдарында «Қазақтелеком» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды  қамтамасыз етсін.

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 2-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМ жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығымен қабылданды.

«Қазақтелеком»АҚ дивидендтік саясаты туралы» ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» күнтәртібінің № 2 мәселесі бойынша

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 25)-тармақшасына сәйкес  «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Қазақтелеком» АҚ дивидендтік саясаты туралы» ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақта дивидендтерге анықтама мынадай редакцияда жазылсын:

«дивидендтер – Қоғам акционерлеріне Қоғамның жарғы капиталында оларғатиесілі акциялар бойынша төленетін, Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сәйкес Қоғам пайдасының бөлігі;»;

2) 3-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Тоқсан немесе жартыжылдық я болмаса өткен жылдарға бөлінбеген пайданы бөлу нәтижелері бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төленген жағдайда, сондай-ақ дербес жағдайларда, дивидендтер көлемін тиісті кезеңдер үшін пайданы бөлу тәртібін бекіту туралы мәселені қарау барысында айрықша тәртіппен Акционерлердің жалпы жиналысы белгілеуі мүмкін.»;

3) 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Белгіленген тәртіпте осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оларды Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.».

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 2-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМ жалпы дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығымен қабылданды.

«2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша «Қазақтелеком» АҚ акциялары бойынша дивидендтерді, сондай-ақ өткен жылдардағы бөлінбеген пайданы төлеу туралы» №3 мәселе бойынша

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 23-бабы 1-тармағына және 29-бабы 1-тармағы 15-1) тармақшасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2013 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін 10 685 969 000 (он миллиард алты жүз сексен бес миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың) теңге самасында «Қазақтелеком» АҚ таза пайдасын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: 

- 2013 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Қазақтелеком» АҚ таза пайдасының 100% құрайтын 10 685 969 000 (он миллиард алты жүз сексен бес миллион тоғыз жүз алпыс тоғыз мың) теңге көлеміндегі сома дивиденд төлеуге жіберілсін.

2.Өткен жылдардағы бөлінбеген пайданың бөлігін бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:

-  18 080 220 457 (он сегіз миллиард сексен миллион екі жүз жиырма мың төрт жүз елу жеті) теңге 20 (жиырма) тиын көлеміндегі сома дивиденд төлеуге жіберілсін.

3.2013 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін дивиденд көлемі және бір жай акцияға шаққандағы бөлінбеген пайданың бөлігі 1 жай акцияға  2 603 (екі мың алты жүз үш) теңге 90 (тоқсан) тиын көлемінде  бекітілсін.

4.2013 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін дивидендтер алуға құқығы бар акционерлер тізімі Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күннен кейін екінші жексенбінің 00 сағат 00 минутындағы жағдай бойынша тіркелсін.

5.2013 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін  жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуді бастау күні  Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күннен кейін екінші дүйсенбіден басталып бір ай ішінде жүргізілсін. 

6.«Қазақтелеком» АҚ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және Қоғам Жарғысына сәйкес артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу іс-жосықтарының сақталуын қамтамасыз етсін. 

7.Бір мезгілдегі бір төлеммен төлеу тәртібі бекітілсін.

8.Астана қ., Абай даңғ., 31 мекенжайында орналасқан «Қазақтелеком» АҚ акциялары бойынша дивидендтер төлеу нысаны бекітілсін: деректемелері: СТН 600700017446, ЖСК KZ779261802104233017  «Казкоммерцбанк» АҚ» Алматы филиалында БСК  KZKOKZKX, Кбе16 – ақшамен, қолма-қол ақшасыз акционердің банк шотына.

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысы 29-бабы 2-тармағына сәйкес бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМЖАЛПЫ ДАУЫС БЕРЕТІН АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ КӨПШІЛІК ДАУЫС БАСЫМДЫЛЫҒЫМЕН қабылданды. 

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге толықтырулар енгізу туралы» күн тәртібінің №4 мәселесі бойынша 

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 24) тармақшасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізілсін:

1)  5-тармақ «қағидаттар» деген сөзден кейін «кәсібилік және объективтілік,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Директорлар кеңесі тұрақты негізде (кемінде тоқсан сайын) байланысты тараптармен операциялар туралы есепті алады.»; 

3)  73-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Отырыс хаттамасы Директорлар кеңесі мүшелеріне 5 (бес) жұмыс күні ішінде жолданады.».

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысы 29-бабы 2-тармағына сәйкес бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін дауыс беретін акциялар санының көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМЖАЛПЫ ДАУЫС БЕРЕТІН АКЦИЯЛАР САНЫНЫҢ КӨПШІЛІК ДАУЫС БАСЫМДЫЛЫҒЫМЕН қабылданды. 

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы» күн тәртібінің №5 мәселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы дауыс беру іс-жосығын өткізбей ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы»  мәселені қарау келесі «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына ауыстырылсын.


Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет