​«Қазақтелеком» АҚ (010000, Астана қ-сы, Сауран к-сі,12) 2015 жылғы 30 маусымда өткізілген Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының нәтижелері туралы өз акционерлерін хабардар етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктерін тоқтату және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысымен көзделген мерзімге «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы» күнтәртібінің № 1 мәселесі бойынша

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағы 5)-тармақшасына және 54-бабының 3-тармақшасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылсын;

2. Қоғамның Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу күнінен бастап «Қазақтелеком» АҚ Жарғысымен көзделген мерзімге «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына мынадай тұлғалар сайлансын:

- Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы – Қоғам акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші.

- Саудабаев Серік Болатұлы –Қоғам акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіруші.

- Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы –«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы.

- Нуриева Айгүл Маратқызы – Қоғам акционері – Bodam B.V. компаниясының мүдделерін білдіруші.

- Сәрсенов Әділбек Ғазизұлы – Қоғам акционері – Bodam B.V. компаниясының мүдделерін білдіруші.

- Буянов Алексей Николаевич – тәуелсіз директор ретінде.

- Гарретт Джонстон – тәуелсіз директор ретінде.

- Заика Дмитрий Александрович – тәуелсіз директор ретінде.

- Құдабаев Ермек Әскербекұлы – тәуелсіз директор ретінде.

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 2-тармағына және 54-бабының 3-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жиналысқа қатысып отырған акционерлердің жай көпшілік дауысы талап етіледі, кумулятивтік дауыс беру қолданылмайды , себебі Директорлар кеңесінде бір орынға бір кондидат үміткер.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМ БІРАУЫЗДАН қабылданды.

«Қазақтелеком» АҚ Жарғысына өзгеріс енгізу туралы» күнтәртібінің № 2 мәселесі бойынша

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.«Қазақтелеком» АҚ Жарғысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

30-баптың 6-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Директорлар кеңесінің мүшелері 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге сайланады. Директорлар кеңесінің мүшесін 6 (алты) жылдан асатын жаңа мерзімге сайлау кезінде, оның кандидатурасы Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып, ерекше қарастыруға жатады. Белгілі бір тұлға Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде қатарынан тоғыз жылдан аса мерзімге сайлана алмайды, бірақ айрықша жағдайларда осындай тұлғаны жыл сайын сайлау талабымен осындай мүшені Директорлар кеңесіне сайлау қажеттілігін және бұл фактордың шешімдер қабылдау тәуелсіздігіне ықпалын толық түсіндіре отырып тоғыз жылдан аса мерзімге сайлауға жол беріледі.».

2.«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы осы шешімді іс жүзіне асыру бойынша шаралар қабылдасын.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жиналысқа қатысып отырған акционерлердің жай көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМ БІРАУЫЗДАН қабылданды.

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне өзгеріс енгізу туралы» күнтәртібінің № 3 мәселесі бойынша

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағы 1-1)-тармақшасына және «Қазақтелеком» АҚ Жарғысының 29-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне мынадай өзгеріс енгізілсін:

93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Директорларды 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге сайлау ұсынылады. Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 6 (алты) жылдан асатын кез келген сайлау мерзімі Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып, ерекше қарастыруға жатады. Белгілі бір тұлға Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде қатарынан тоғыз жылдан аса мерзімге сайлана алмайды. Айрықша жағдайларда тоғыз жылдан аса мерзімге сайлауға жол беріледі, бірақ бұл ретте осындай тұлғаны Директорлар кеңесіне сайлау жыл сайын осындай мүшені сайлау қажеттілігін және бұл фактордың шешімдер қабылдау тәуелсіздігіне ықпалын толық түсіндіре отырып жүруі тиіс.».

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес осы мәселе бойынша шешім қабылдау үшін жиналысқа қатысып отырған акционерлердің жай көпшілік дауыс басымдылығы талап етіледі.

Дауыс беру нәтижелері бойынша ШЕШІМ ДАУЫС БЕРЕТІН АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫНЫҢ айқын басым көпшілігімен қабылданды.

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет