"Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің Жалпы жылдық жиналысының қорытындысы

«Қазақтелеком» АҚ (010000, Астана қ., Абай даңғ. 31) өз акционерлеріне 2010 жылдың 14-маусымында болған акционерлердің Жалпы жылдық жиналысында өткізілген дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды.

«Қазақтелеком» АҚ (010000, Астана қ.,  Абай даңғ. 31) өз акционерлеріне 2010 жылдың 14-маусымында болған акционерлердің Жалпы жылдық жиналысында өткізілген дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. 

Күн тәртібіндегі Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес дайындалған  2009 жылғы «Қазақтелеком» АҚ аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есебін бекіту туралы» №1 мәселе бойынша "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің Жалпы жылдық жиналысы ШЕШІМ қабылдады:

 Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес дайындалған 2009 жылғы «Қазақтелеком» АҚ аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есебі бекітілсін.

Шешім жиналысқа қатысқан акционерлердің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды.


Күн тәртібіндегі «2009 жылғы «Қазақтелеком» АҚ  таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивиденттерді төлеу және бір қарапайым акцияға дивидент мөлшерін бекіту туралы» №2 мәселе бойынша "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің Жалпы жылдық жиналысы ШЕШІМ қабылдады: 

1. 27 317 945 000 (жиырма жеті миллиард үш жүз он жеті миллион тоғыз жүз қырық бес мың) теңге сомасында 2009 жылғы «Қазақтелеком» АҚ таза кірісін бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: 

- 4 780 620 886 (төрт миллиард жеті жүз сексен миллион алты жүз жиырма мың сегіз жүз сексен алты) теңге 30 (отыз) тиын көлеміндегі 17,5% шоғырландырылған таза кіріс 2009 жылғы қорытынды бойынша дивиденттерді төлеуге жіберілсін;
- қалған бөлігі «Қазақтелеком» АҚ қарауына қалдырылсын. 

2. 2009 жылдың қорытынды бойынша 1 қарапайым акцияға 422 (төрт жүз жиырма екі) теңге 9 (тоғыз) тиын мөлшерінде жай акциялар бойынша дивидент мөлшері бекітілсін.   

3. 2010 жылдың 30-шілдесі – жай  акциялар бойынша дивиденттерді төлеудің бастапқы күні болып анықталсын. 

4.  Бір ай мерзімділігімен екі тең төлеммен төлем тәртібі бекітілсін.

5. Акционердің банктік шотына қолма қол ақшасыз төлеммен төлем үлгісі бекітілсін. 

Шешім дауыс беруші акциялардың жалпы санынан білікті көпшілік дауысымен қабылданды. 


Күн тәртібіндегі «2009 жылғы «Қазақтелеком» АҚ  акционерлерінің өтініштерін қарау туралы» №3 мәселе бойынша 2009 жылы "Қазақтелеком" АҚ әрекеттеріне акционерлердің  өтініштерінің болмауына байланысты Қоғам акционерлерімен ақпарат дауыс беру рәсімінсіз мәлімет ретінде қабылданды.

Күн тәртібіндегі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 55 бабы, 4 тармағына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзегрістер туралы» №4 мәселе бойынша  «Қазақтелеом» АҚ Директорлар кеңсесінің мүшесі Әбдірахманов Мұхтар Мұратұлының өз еркімен өкілеттігін тоқтатуы туралы ақпаратты оның жазбаша хабарламасы негізінде 2010 жылдың 14-сәуірінен бастап, Қоғам акционерлері дауыс беру рәсімінсіз қабылдады.

"Қазақтелеком" АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет