iD TV

iD TV — жеке цифрлік теледидар. Бүкіл отбасы мүшелеріне ұнайды: Қазақстан тұрғындары арасында жайылғандық есебімен таңдалған 100-ден астам қазақстандық, ресейлік және шетелдік телеарналар.

TV1000Play қосымшасына тіркелу үшін, осы нұсқаулықты қолдануды сұраймыз.

iD TV

100 –ден астам телеарналар: киноарналар, сазды,ақпараттық, аналитикалық, деректі және спорттық телеарналар.

iD TV

Сандық телевидениенің барлық мүмкіндігін пайдаланады: HD-телеарналар, ағылшын тіліндегі телеарналар, аймақтық пакетті таңдау мүмкіндігі, караоке

iD TV

Арнаны ауыстырмаңыз: теледидар экранынан Сізге қолжетімді телеарнаның ары қарайғы бағдарламасын көріңіз.

iD TV

Үкен диагоналі бар теледидар үшін тамаша қосымша: цифрлік бейне және көлемді дыбыс.

Ағылшын тіліндегі телеарналар
Мына телеарналарды орыс және ағылшын тілдерінде қарауға болады:
Euronews

TLC

Discovery Channel

Discovery World

Animal Planet

SET

Sony Sci-Fi

Sony Turbo

ID

TV1000

TV1000. Action

Scince

Viasat Explore

Viasat History

Viasat Nature

Viasat Sport

EuroSport

EuroSport2

Nickelodeon

Nick Jr.

Cartoon Network

Boomerang

Luxe TV HD

myZen.tv HD

Nickelodeon HD

Amedia Premium HD

Amtdia Hit HD

Fox HD

Fox life HD

National Geographic Channel HD

Бұдан бөлек, бірқатар телеарналар тек ағылшын тілінде ғана таратылады:
Fashion One HD

MTV Live HD

BBC World

CNN

Бұдан бөлек, бірқатар телеарналар тек француз тілінде ғана таратылады:
Mezzo

Қазақстан
Хабар
КТК
НТК
31 канал
24 хабар
Жетінші арна
Первый канал Евразия
KazSport
Қазақстан
Жалпыұлттық мемлекеттік ақпараттық ойын-сауық телеарна. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға объективті баға береді. Телеарна қоғамның барлық топтарына бағытталып, түрлі жастағы көрермендерді түгел қамтиды. *Арнада «Shift TV» телехабарларын кейін тамашалау сервисі қарастырылған.

Хабар
Қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын мемлекеттің белді телеарнасы саналады. Бұл арнада басымдық жаңалықтар қызметіне берілген. Ақпарат тарату ісінде оперативтілік, эксклюзив, қалаберді, болған оқиғаны толық және объективті тұрғыда қамтуға баса мән береді. Сонымен қатар, телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер де көрсетіледі. *Арнада «Shift TV» телехабарларын кейін тамашалау сервисі қарастырылған.

КТК
Ақпараттық ойын-сауық телеарнасы. Қазақстанның ұлттық хабар таратушы деңгейіне көтерілген, соңғы 15 жылдың ішінде елдің телевизиялық нарығында үздік болып танылған алғашқы жеке телеарналардың бірі. Ақпараттық хабарлар күні бойы тікелей эфирде қазақ және орыс тілдерінде «жаңалықты жаңарту» қағидаты бойынша шығарылады. Техникалық тұрғыдан жақсы жабдықталған арна маңызды оқиғаларды мемлекеттің кез-келген нүктесінен немесе елден тысқары жерлерден тікелей көрсете алады.

НТК
Танымдық ойын-сауықтық телеарна. «НТК» эфирінде ең үздік реалити-шоулар, телесериалдар, ойын-сауықтық және танымдық шоу-бағдарламалар, түрлі жанрдағы фильмдер, сонымен қатар, отандық шоу-бизнес жаңалықтары көрсетіледі.

31 канал
Ұлттық ақпараттық-ойын сауық телеарнасы. «31 канал» ресейлік және қазақстандық ең танымал сериалдар мен телебағдарламаларды таңдап алып, көрермендеріне тек қызықты туындыларын ғана ұсынады. 2008-жылдың наурызынан ресейлік «СТС Медиа» компаниясының әріптестік байланыс орнатты.

24 хабар

Жетінші арна
Арнаның бұрынғы атауы– «Эра ТВ». «Седьмой» қазақстандық телеарналардың ең үздік үштігіне енуді жоспарлап отыр. Эфирге 20.00 шығатын орыс тіліндегі жаңалықтар мен сағат 22.30 шығатын қазақ тіліндегі жаңалықтардан бөлек, әрбір екі сағат сайын қысқа жаңалықтарды ұсынып отырады. Мұнда сол сәтте болған басты оқиғалар қысқаша баяндалады. Сонымен қатар, телеарна өз көрермендеріне қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ұсынады.

Kazakh TV
«Kazakh TV» - Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық жерсеріктік теледидар арнасы. Елдің ірі медиа-холдингі «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді. «Kazakh TV» Қазақстан туралы және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы өзекті және объективті ақпаратты ұсынады. Арнаның эфирінде – басты қазақстандық және әлемдік жаңалықтар, негізгі саясат, экономикалық, спорттық оқиғалар, олар отандық деректі фильмдердің үздік туындыларымен және классикалық және қазіргі заманғы көркем фильмдермен, балалар киносымен, тарихи-этнографикалық бағыттағы бағдарламалармен және елдің мәдени өміріндегі қызықты оқиғалармен: театр қойылымдары, шығармашылықтың әртүрлі бағыттағы көрмелерін таратумен толықтырылады.

СТВ
Қазақстандық бұл арнаның бұрынғы атауы – «Рахат». Эфирде ақпараттық-танымдық хабарлар, телеарнаның өз бағдарламалары, сонымен қатар, ресейлік «НТВ» телеарнасының қызықты хабарлары мен танымал фильмдері көрсетіледі.

Балапан
Алғашқы отандық балалар арнасы. «Балапан» телеарнасында ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері балдырғандармен қазақ тілінде сөйлеседі. Күн сайын таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат 10-ға дейін балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің бастан кешірген қызықты оқиғаларын тамашалап, ән шырқап, билеп және қазақша сөйлеп үйренеді. Телеарнаның басты мақсаты – өскелең буынның бойында ұлттық және мәдени құндылықтарды қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет көрсетуді сіңіру. Арнаның мақсатты аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балаларға арналған.

Астана
«Астана» телеарнасы өз өндірісінің ақпараттық-сараптамалық, танымдық және ойын-сауықтық бағытындағы дербес хабарлары бар арна. Бағдарламалар елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі мен мәдени саласын қамтиды. Тез қарқынмен дамып келе жатқан арна телевизиялық бағдарламалар өндірісі мен көркем фильмдер, сонымен қатар, ақпараттық хабар тарату бойынша жетекші арналардың бірінен саналады. Сигнал таралу аумағы – Қазақстан Республикасы.

Первый канал Евразия
«Первый каналдың» қазақстандық үлгісі. Күн сайын эфирде көрермендердің «Первый каналдағы» сүйікті хабарлары мен сериалдары көрсетіледі. Қазақстандық бағдарламаларға да орын қарастырылған. Қызықты деректі жобалармен қатар, әлемдік кинематографтың классикалық жауһарларынан бастап, жаңадан шыққан ең танымал кинолар көрсетіледі.

ОҢ-ТВ
Бұрынғы «ТАН» атауын «ОҢ-ТВ» қылып өзгерткен телеарна өз көрермендерін спортық-ойын-сауық бағытындағы жаңа форматпен қуантты. Басты-басты қазақстандық және шетелдік жаңалықтар туралы «QazaqNews» бағдарламасының материалдарынан білуге болады. Тәуліктің бизнес-хроникасы, сарапшы пікірі мен сараптамалар күн сайын эфирден көрсетілетін «Экономические новости с АсылбекомАбдуловым» хабарында айтылады. Сонымен қатар, танымал телесериалдар, спорттық шаралардың тікелей трансляциялары (негізінен, Чемпиондар Лигасы мен УЕФА-ның Еуропа Лигасының футбол матчтары) көрсетіледі.

ID Fashion
«ID Fashion» - Тәулік бойы жұмыс істейтін сән және өмір салты туралы ақпараттық-ойын-сауық арнасы.

MUZZONE TV
«MUZZONE TV» қазақстандық музыка және ойын-сауық телеарнасы – бұл нон-стоп пішіндегі ең үздік музыка, шетелдік, ресейлік және қазақстандық орындаушылардың жаңалықтары мен хиттары. Музыка әлемінің соңғы жаңалықтары, сондай-ақ телеарна журналисттері отандық шоу-бизнес өкілдерінің барлық құпияларын аяусыз ашатын жұлдыздар өмірі туралы қызықты сюжеттер.

Hit-TV
«Hit-TV» – Қазақстандағы тәулік бойы хабар тарататын ең алғашқы, әзірге жалғыз музыкалық телеарна. 5 жылдың ішінде «Hit-TV» аса танымал ұлттық телеарнаға айналып, халықтың сүйіктісіне айналды. Негізгі аудиториясын жасы 12-35 жас аралығындағы көрермендер құрайды. Телеарна ұстанған бағыт пен көрсетілетін хабарлар да осы топқа арналған. Эфирден музыка әлеміндегі жаңа туындылар, бейнеклиптердің премьералары, тұсаукесер шаралар мен ойын-сауық бағдарламалары, т.б. көрсетіледі.

Gakku TV
Gakku TV — бұл тек қазақстандық музыкаға арналған жалқы музыкалық телеарна. Арна эфирі өткен жылдардағы, сондай-ақ қазіргі заманауи Қазақстанның ең өзекті артистері сияқты отандық эстрада өкілдерінің ең үздік жұмыстарын ойнату тізімінен тұрады. Gakku TV — қазақстандық эстрада антологиясы!

MuzLife
MuzLife – Күн сайын көрермендерімен қауышып, олардың құрметіне ие болған арна. Эксклюзивті жаңалықтар мен сұхбаттар ұйымдастырып, Қазақстан мен шетелдік шоу-бизнес әлеміндегі қызықты жаңалықтар, көңілді клиптер мен алуан түрлі бағдарламаларды ұсынады.

KazSport
Телеарна эфирінде аса танымал спорт түрлерінен өткізілген Қазақстан чемпионаттары, ірі шетелдік жарыстар трансляцияланып, , спорт жаңалықтары, телеарнаның өз бағдарламалары мен деректі фильмдер көрсетіледі. Спорттық шараларды трансляциялау жұмыстары сараптамалық тұрғыда жүргізіледі. Арна комментаторларының ішінде қазақ және орыстілді белгілі қазақстандық спорт журналистері бар.

Алматы
Ақпарат әлеміндегі пайдалы әрі қызықты бағыттарға жөн сілтер қазақстандық телеарна. Күн сайын «Алматы» Қазақстанның күнделікті тыныс-тірлігі мен іскерлік-мәдени өмірі туралы кеңінен және егжей-тегжейлі баяндайды. Оңтүстік астана, ел ішіндегі оқиғалармен қатар, күллі әлемдегі жаңалықтардан да хабардар қылады.

Асыл Арна
Ислам дінін насихаттайтын ағартушы телевизиялық арна. Мұсылман халықтарының тарихи құндылықтарын зерттеп, Исламның рухани-шариғи қағидалары туралы баяндайды. «АсылАрна» телеарнасының эфирінен даусы құйқаны шымырлатар Құран аяттарын тыңдап, дін негіздерімен қызықты форматта таныса аласыздар.

Новое телевидение
Таратудың негізі – меншікті өндіріс. Қазақстандағы алғашқы «За Стеклом» тікелей эфирдегі реалити-шоудың авторлары. Жоба 2003 жылы компания қызметкерлерімен әзірленген және жүзеге асырылған. 2009 жылы Қарағандыда «Алчные Танцы» реалити-шоуын әзірлеген және өткізген. 2013 жылдан бастап жаңа реалити-шоулар жүзеге асырылған: «Три товарища» визуал радиосы, «Слово и Дело» арнайы жобасы; «Твоё кино»; «Зелёная волна»; «Примите поздравления»; «Жүректен жүрекке». «Жаңа телевидение» – оқиға орнынан тікелей таратуды жүргізетін бірден бір отандық телеарна.

ТВ-Азия
Дивандағы дүкен!

Инфо канал

Мир
Бұл арна өз концепциясында адам құқы мен еркіндігіне басымдық беріп отыр. Телеарна хабар тарату саясатында МТРК «Мир» құрушы-мемлекеттердің аумағында орналасқан аудиториясының сұранысын қамтамасыз етіп, ақпараттық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуше басымдық беріп келеді. Телеарнаның мақсаты – Достастық елдері арасындағы түрлі байланыстарды нығайтып, түрлі кикілжің болған жағдайда өзара мәмілеге келу жолдарын қарастыру болып саналады.

Мир 24
«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының базасында құрылған телеарна күллі ТМД елдері аумағында болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты еш бұрмалаусыз тәулігіне 24 сағат бойы жылдам жеткізуді өз міндетіне алған. «Мир» Достастық мемлекеттері арасындағы интеграциялық процестер туралы көрсетіп, олардың даму жолдары туралы баяндайды. Арна эфирінде ақпараттық-сараптамалық бағыттағы жаңалықтар топтамасы, сондай-ақ деректі хабарлар да көрсетіледі.

Первый канал
Тек Ресейде ғана емес, әлем бойынша өзінің ақпараттық-ойын сауық хабарларымен танылған, орыстілді телеарна. Тікелей эфирдегі жаңалықтар, көркем фильмдердің тұсаукесері, спорттық бағдарламалар, ток-шоулар мен балаларға арналған хабарлар, мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламаларын Бірінші арнадан көруге болады.

Россия-РТР
Ақпараттық-ойын-сауықтық телеарна. «РТР-Планета» телеарнасының жанрлық хабар тарату құрылымы ақпараттық бағдарламалар, көпсериялы фильмдер мен сериалдар, телепублицистика, ток-шоу, викториналар мен комедиялық және ойын форматында жасақталған. Сонымен қатар, толық метражды көркем және деректі фильмдер, спорттық және қоғамдық саяси оқиғалар трансляциялары да кеңінен қамтылған.
НТВ-МИР
Ақпараттық-ойын-сауықтық арна эфирінде ақпараттық, білім беру және ойын-сауық бағдарламалары көп көрсетіледі. Жоғары деңгейдегі репортаждар мен ақпаратты объективті тұрғыда беру - ұзақ жылдар бойы қалыптасқан «НТВ» арнасының журналистік ұжымының басты ұстанымы.

РЕН
«РЕН» телеарнасы жасы 30-45 аралығындағы белсенді топтағы көрермендерге, әсіресе, ер азаматтарға арналған. Бұл белсенді адамдар соны шешімдер қабылдай білетін, тың мүмкіндіктер іздеп, ұдайы ізденетін санаттан табылады. Телеарна эфирі негізінен мақсатты аудиторияның сұранысына сай түрлі фильмдер мен бағдарламалардан құралған. Сонымен қатар, телекөрермендердің демографиялық және әлеуметтік ерекшелігіне байланысты өз телеөнімдерін де ұсынады.

BBC-World
Дүние жүзіндегі ең танымал жаңалықтар арнасы. Әр сағат сайын «BBC-World» соңғы жаңалықтарды, арнайы және шұғыл репортаждарды оқиға орнынан дайындап ұсынады. Төрткүл дүниедегі оқиғалардан хабардар болғысы келгендерге арналған арна.

CNN
Әлемдегі №1-ақпараттық арна саналады. «CNN» барлық оқиғаларды өзінің ерек көзқарасы тұрғысынан баяндайды. Тәулік бойы эфирден нақты әрі толық ақпарат, бұрмалаусыз репортаждар мен шартарапта болып жатқан соңғы оқиғаларға орын берілген.

Euronews
Еуропадағы жетекші ақпараттық телеарна. «Euronews» эфирі негізінен әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттық блоктардан жасақталады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде қарауға болады. Тарату тілін ауыстыру үшін арна қосулы тұрған кезде басқару пультіндегі STB жасыл нүктесін басып, менюдегі «Доступные языки» бөліміне кіріп, қалаған тілді таңдап «OK» тетігін басасыз.

Россия 24
Өз көрермендеріне ең соңғы жаңалықтарды жеткізуді мақсат еткен ақпараттық арна. Арна эфирінен әлемдегі маңызды оқиғалар, Ресейдегі жаңалықтарға орын берілген. Көрермендер аймақтық мемлекеттік телерадиокомпанияларға қосылады немесе жекелеген материалдарын пайдаланады. Сонымен қатар, экономика, спорт, мәдениет, жоғары технологиялар мен арнайы репортаждар, журналистік зерттеулер, қоғамдық-саяси және өзге де маңызды шаралардан тікелей трансляциялар жасайды.

Россия К
«Культура» телеарнасы классика әлеміндегі жаңалықтарға саяхат жасайды. Музыка, әлемдік кино жауһарлары, тарих пен ғылым, театр, бейнелеу өнері, сонымен қатар, қызықты әрі қоғамдық пікір туғызған тақырыптарға телеарна эфирінен орын берілген.

Русский Иллюзион
«Русский Иллюзион» телеарнасы ресейлік және кеңестік кезеңде түсірілген көркем фильмдерді көрсетеді. Сонымен қатар, отандық кино шеберлерінің ретроспективалары, түсіру алаңынан репортаждар мен ресейлік премьералардың анонсы көрсетіледі. «Русский Иллюзион» арнасында айына жүздеген фильм көрсетіледі, көрермендерін сыйлықпен жарылқайтын байқаулар, танымал тұлғалар мен актёрлармен кезедсулер, жаңалықтар және кино тарихы көрсетіледі.

Иллюзион +
Телеарна ең үздік шетелдік киноларды ұсынады. «Иллюзион +» эфирінде комедия, мелодрама, action, фантастикалық және анимациялық фильмдер секілді барлық жанрды қамтыған культтік туындылар көрсетіледі.

TV1000
TV1000 арнасында әлемдік кинематографтың кез-келген көрерменнің көңілінен шығар туындылары көрсетіледі. Бұл ретте романтикалық мелодрамалардан бастап, мейірім шуағын шашқан комедияларды, психологиялық триллерлер мен сюжеті қым-қиғаш атыс-шабысқа толы фильмдерді айтуға болады.

TV1000 Action
TV1000 Action - сюжеті қым-қиғаш фильмдер: голливудтық блокбастерлер, криминалдық драмалар мен фантастика және триллерлерге толы.

TV1000 Русское кино
«TV 1000 Русское кино» – кинопрокатқа жаңа шыққан туындылар мен атақты кинофестивальдерде топ жарған шығармалар, отандық классиканың көрермендеріне арналған ең үздік ресейлік фильмдерді көрсетеді. Канал форматы кең аудиторияға басымдық береді. Бұл телеарнаны жастар мен аға буын өкілдері сүйіп көреді.

МУЛЬТ
МУЛЬТ— кішкентай бөбектерге арналған ресейлік мультфильмдер арнасы. Телеарна эфирінен соңғы кездегі танымал мультсериалдар, балалар анимациясының хиттері, сондай-ақ, «Союзмультфильм» мен «Гостелерадиофондтың» классикасы көрсетіледі. Ата-аналар МУЛЬТ телеарнасына баласын сеніп тапсыра алады. Өйткені, мұнда ешқандай агрессиялық ақпараттар, ешқандай жарнама жоқ. Арна контенті мұқият таңдалып, жастары 1,5-6 аралығындағы бүлдіршіндерге арналған.

Sony Channel
Sony Channel – бұл әйелдер қауымдастығы. Sony Channel — бұл сюжеттің негізі әйелдерге байланысты мелодрамалар, комедиялар, детективтер, драмалар, бағдарламалар және реалити-шоу. Sony Channel қалай қызықтыруды, еліктіруді, романтикаға көңілді бөлуге, өзгеріске шаббытандыруды, күлдіруді және арманға сендіруді біледі.

Sony Sci-Fi
Sony Sci-Fi табиғаттан тыс, фантастикалық болашақ әлемін ашады, білім шекарасын кеңейтеді. Мұнда барлығы бiр секунда өзгеруі мүмкін: жаңа галактика пайда болады, қалалық аңыздар шындыққа айналды, ботаник супер кейіпкерге айналады, технологиялар әлемді танымастай өзгертеді, ал ғылыми парадокс логикалық түсінік табады. \Бренд уәдесі былай делінеді: Сіз білетін шындық, көптің бірі ғана! Телеарна слоганы: Сіз де осыны көріп отырсыз ба?

КИНО ТВ
Кинематографқа тәнті жандарға арналған. Белгілі ресейлік режиссерлердің фильмдері, блокбастерлер, сыйлы кинофестивальдерде жүлделі болған картиналар, кеңестік кинематографтың классикасы, жаңа авторлық кино, сондай-ақ, жаңа сериалдар көрсетіледі.

Fox
Fox — 1993-жылы Латын Америкасында FoxInternationalChannels компаниясымен іске қосылған алғашқы телеарна. Арна өз көрсетілімдерін әр алуан жанр мен стильдегі үздік шетелдік телевизиялық сериалдармен толықтырып отырады. Телеарнаның аудиториясын жасы 18-35 аралығындағы ер азаматтар мен қыз-келіншектер құрайды.

Fox Life
FoxLife — барлық отбасыға арналған ойын-сауық арнасы. Телеарна дәстүрлі "әйелдер арнасын" қарағанды жақтырмайтын қазіргі заманғы, белсенді әрі шығармашыл қыз-келіншектерге лайық. Арна өз көрсетілімдерін көптеген телесериалдар мен реалити-шоулармен толықтырып отырады.

AMC
«АМС» телеарнасы өз көрермендеріне ХХ ғасырдың орта шенінен қазіргі кезге дейінгі америкалық кинематограф өнімдерінен жасақталған кинорепертуарын ұсынады. Классикалық кинолар да ескерілген. Қалаберді MGM және өзге де әйгілі голливудтық студиялар түсірген қазіргі фильмдер де бар. «АМС» компаниясының жаңа сериалдары мен осы жанрдағы танымал бейнелерді тамашалай аласыздар.

НСТВ
Қорқынышты құбыжықтар туралы фильмдер мен қара юмор арнасы. «НСТВ» эфирінде классикалық қорқынышты фильмдер, қазіргі триллерлер, мистика, фантастика, треш, аниме, деректі фильмдер мен осы бағыттағы хабарлар және зілге толы қара юморлық бағдарламалар жетіп артылады.

Viasat Nature
Отбасыға арналған ойын-сауық танымдық бағыттағы жаңа телеарна. Мұнда табиғат пен жануарлар әлемі туралы Дэйвид Аттэнборо, Найджел Марвен жәнеБен Фогл секілді белгілі саяхатшылар, натуралистер мен тележүргізушілердің қатысуымен түсірілген деректі фильмдер мен бағдарламалар көрсетіледі.

Viasat-History
«Viasat-History» телеарнасы саясат пен қоғам, ғылым мен мәдениет әлемінен сыр шертеді. Көне заман өркениеті мен адамзат баласының қол жеткізген биіктері туралы әңгімелейді. Өнертапқыштар қолынан шыққан ғаламат туындылар мен ерлік туралы баяндап, көрермендерді есте жоқ ескі заманға жетелейді. Арна эфирінен ғылым мен техника тарихы, спорт пен музыка, әскери және сауда-саттық, сонымен қатар, тарихта қалған тұлғалардың өмір жолы айтылатын деректі фильмдер көрсетіледі. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

Viasat Explore
Танымдық бағыттағы «ViasatExplore» арнасы қилы оқиғалар, саяхат пен жануарлар әлемі, машиналар мен спорттың экстремалды түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, әлемді дүрліктірген қылмыстар туралы деректі туындылар да бар. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

24 Техно
«24 Техно» телеарнасы адам баласы мен қоршаған әлем туралы білгісі келген жандарға арналған. Тәулік бойы тынбай хабар тарататын танымдық телеарнада ғылым мен техника жетістіктері баяндалады. «24 Техно» эфирінен ғылыми-танымал фильмдер мен ресейлік және шетелдік фильмдерді тамашалай аласыздар.

Моя Планета
Саяхат, ғылым, тарих пен адамдар туралы танымдық бағыттағы тәулік бойы хабар тарататын телеарна. «Моя планета» өз көрермендеріне арнап, ең үздік отандық және шетелдік бағдарламаларды, деректі жобаларды ұсынады. 150-ден астам өз ісінің маманы телекөрермендер қызықты, танымдық және заманауи телевизия жетістігіне сүйсінуі үшін талмастан күн сайын тер төгеді.

Travel+Adventure
Телеарна білуге құштар телекөрермендерінің жасы мен жынысына қарамастан, қызықты хабарларды ұсынады. Күн сайын арна эфирінен белгілі шетелдік жүргізушілердің саяхаты туралы ең үздік хабарлар мен деректі фильмдер көрсетіледі. Қай жаққа барып демалуға болатыны туралы айтылған құнды ақыл-кеңестер мен қызықты идеялар, жаһанды шарлаған білікті саяхатшылардың бастан көшірген оқиғалары туралы қызықты сапарнамалар көрсетіледі. «Travel + Adventure» бояуы қанық, әрі анық картинасымен үлкен әсер қалдырады. Жер шарының әр түкпірінен түсірілген материалдар шынайы өмірдегідей әсерлі көрсетіледі.

Discovery Channel
Дүние жүзінде кеңінен таралған аса танымал телеарна. «DiscoveryNetworksEurope» телевизиялық портфолиосымен халықаралық деңгейдегі брендке айналған. «DiscoveryChannel» арнасында шетелдік ғылыми-танымдық фильмдер мен бағдарламалар, адам психикасының тылсым сырларын паш етер эмоцияға толы жоғары сапалы сюжеттер көрсетіледі. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.
Discovery Science
«DiscoveryScience» телеарнасы бұрынғы кез бен болашақты сабақтастыра отырып, қазіргі ғылыми және технологиялық жетістіктер туралы баяндайды. Шетелдік ғылыми-танымал фильмдер мен бағдарламаларда біздің планетамыздың құпияға толы қойнауынан бастап, біздің қоршаған әлем туралы нақты ғылым көрсетіліп, адамзат баласы ғасырлар бойы жауап іздеп келген көптеген сауалдардың шешімін табуға тырысады.

DTX
Ер азаматтарға арналған ойын-сауық арнасы Дискавери/Евроспорт арнасының дербес хабарларынан жасақталған. Дискавери клубының мүшелеріне арналып, автокөліктерді жөндеу мен безендіру, өзге де моторлы техника туралы кеңінен баяндалады. DTX арнасындағы контент Евроспорттан алынған. Мұнда айналмалы тас жолдағы авторжарыстар мен мотокросстар, ралли, экстремалды спорт түрлерінен Еуропа чемпионаты көрсетіледі. Сондай-ақ, «WATTS» пен «Солдаты неудачи» тележурналдары күлкілі видеоларды ұсынады. DTX арнасының бағдарламалары: спорт, дұрыс тамақтану, жылжымайтын мүлік, «Аукцион винтажных авто», «Денежный вопрос».

National Geographic
NationalGeographicChannel (NatGeo, канал NationalGeographic) — АҚШ Ұлттық географиялық қоғамы жасаған ғылыми-танымал фильмдерді трансляциялайтын америкалық арна. Канал негізінен ғылым мен табиғат, мәдениет пен тарихтың сан саласын қамтитын деректі фильмдерді ұсынады. Арнаның көрермендері жәй ақпарат алумен шектелмей, білуге құштарлығымен танылған, жастары 20-54 аралығындағы әлеуметтік тұрғыдан белсенді адамдар, жоғары класс оқушылары мен студенттер.

Animal Planet
Танымдық бағыттағы «AnimalPlanet» телеарнасы жануарлар әлемі туралы сыр шертеді. Бұл жан-жануарлар әлеміне арналған әлемдегі ең алғаш, әрі жалғыз телеарна болып саналады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

TLC
The Learning Channel – Discovery қауымдастығындағы қазіргі қоғамда аса белсенді Өз ісінің білікті шебері атанып, бала тәрбиелеген әйел азаматарға арналған танымдық телевизиялық арна. Жиһанды кезген саяхатшы мен отбасының ырысына айналған жандар, сырлас құрбылар өмірі мен сән әлемінің соңғы тенденцияларының білгірлері туралы сыр шертеді. Арна эфирінде ресейлік және шетелдік өндірушілердің мода мен өмір салты, кулинария, бала тәрбиесі, саяхат пен той, тағы да басқа көптеген нәрселер баяндалады.

Da Vinci Learning
Жаңа әрі ерекше телевизиялық арна. «DaVinciLearning» арнасы ағарту ісі мен танымдық сипатта жұмыстана отырып, өз көрермендеріне қызықты материалдарды ұсынады. Арна эфирінен табиғат-ана, Жер, адамзат, техника мен мәдениет секілді бес бағытты қамтыған танымдық бағдарламаларды көруге болады.

ZEE TV
«ZEE TV» – тәулік бойы хабар тарататын отбасылық ойын-сауық танымдық телеарна саналады. Мұнда үнді кинематографының экшн, мелодрама, сюжеті қым-қиғаш фильмдер мен мюзиклдер, триллерлер мен отбасылық сагалар секілді барлық жанр қамтылған. Кино қалай түсірілетіні туралы хабарлар, сүйікті актерлердің өмірі мен шығармашылық жолы баяндалып, тартысқа толы реалити-шоулар, саяхат пен салауатты өмір салты туралы хабарлар көрсетіледі. Үндістанды тек «ZEE TV» арқылы ғана біле аласыз!

Карусель
Балаларға арналған «Карусель» телеарнасы Первый канал мен ВГТРК бірлесіп құрған, осыған дейін кеңінен танылған «Теленяня» мен «Бибигонның» базасында құрылған. Эфирден кішкентай көрермендер қос арнаның қызықты хабарларын тамашалап, сонымен қатар, жаңа жобалар мен жаңа жүргізуші-балалармен таныса алады. Арна жас көрермендерге білім нәрімен сусындатуды көздейді.

Cartoon Network
Балаларға арналған мультипликациялық арна. «CartoonNetwork» эфирі заманауи, динамикалық, көңілді кейіпкерлердің әрекеті баяндалатын қызықты мультфильдерді ұсынады.

Nickelodeon
Балалар мен жасөспірімдерге арналған танымал арналардың бірінен саналады «Nickelodeon» арнасында балалар шоуы, тинэйджерлерге пайдалы хабарлар, юниорлардың спорттық жарыстары және қызықты викториналар көрсетіледі. Арна бірнеше тақырыптық блоктар бойынша жұмыстанады: «Программы дошкольникам», «Мультипликация», «Кино и спектакли» және «Игры и конкурсы». *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

A1
Өмірге деген талғамы бар ерлерге арналған телеарна – жалықтырмайтын зиялалар үшін себебі олар стиль, бизнес, саясат, техника, ғылым, музыка және де фильмдер мен телехикаяларды тамаша түсінеді. Біздің заманымыздағы кейіпкерлер мен батырлар туралы телеарна ең үздік рейтингті заманауи ерлер телехикаяларын көрсететін болады. Сонымен қатар арна экшн-блокбастерден бастап, қызықты комедияларға дейін әйгілі танымал ерлер жанрларының таңдаулы фильмдерін ұсынады. Сонымен бірге, көрермендерді тәуелсіз журналистикалық зерттеулер, біздің заманымыздағы көрнекті адамдар мен жағымсыз кейіпкерлердің өмірбаяндары мен сұхбаттары, соңғы ғылыми зерттеулер мен эксперименттер, табысты оқиғалар мен басқа да ең өзекті тақырыптарға арналған арнайы таңдаулы деректі бағдарламалар күтеді.

Paramount Comedy
«ParamountComedy» халықаралық деңгейде танымал «ComedyCentral» арнасының ресейлік үлгісі. Арна эфирінен тәулік бойы шетелдік және ресейлік ситкомдар, комедиялық сериалдар, шоулар, скетчтер мен толықметражды комедиялар мен мультфильмдер көрсетіледі. «ParamountComedy» – әр минутты көңілді сәтпен толтыратын телеарна!

MTV Россия
MTV Россия – әлемнің 170 еліне тарайтын алпауыт MTV тобының құрамындағы жастарға арналған ойын-сауық арнасы. MTV арнасының MTV EMA, MTV VMA, Isleof MTV Malta секілді аса ірі салтанатты шаралар мен концерттерді көрсетуге эксклюзивті құқы бар. Әлем жұртшылығы сүйіп қарайтын «Тачка на прокачку», «Подстава» секілді қызықты хабарлар көрсетіледі. Сонымен қатар, ресейлік жүргізушілер мен әртістердің қатысуымен ("MTV вопросы и ответы", "MTV Top 20", "Селебритичарт") хабарлары, отандық концерттер, клиптер, сериалдар мен "Классный час" бағдарламасы да көрсетіледі.

ID Xtra
IDInvestigationDiscovery - тәулік бойы тарайтын ойын-сауық танымдық жерсеріктік телеарна. Арна эфирінен қылмысты тергеу амалдары, медициналық және қылмыс әлемінің құпиялары, бізге бейтаныс әлемнің тылсым сырлары туралы деректі фильмдер көрсетіледі.

A2
A2 - отбасылы жандарға арналған сүйікті орыс сериалдарын көрсетеді. Ресейді түсірілген үздік сериалдар мен хиттер көрсетіледі: «Закрытая школа», «Бедная Настя», «Татьянин день», «Монтекристо», «Общая Терапия», «Закрытая школа», «Ангел или демон» және тағы басқалары. Сонымен қатар, ресейлік режиссерлердің танымал және арт-хаус туындылары, сериал түсірілімдері туралы репортаждар көрсетіледі.

Сетанта Спорт
Халықаралық спорттық телеарнаның орыс тіліндегі нұсқасы. Телеарна Ағылшын Премьер Лигасының футбол матчтары, Англия, Италия, Аргентиня, Шотландия, АҚШ пен Оңтүстік Америка Кубоктары мен Чемпионаттарының, сондай-ақ, Еуро-2012 іріктеу матчтарынан тікелей трансляция жасау ісіне басымдық береді. Футболдан бөлек, арна бағдарламасында хоккей, бокс, әскери айқас өнері, регби мен автоспорт қамтылған.

Eurosport 2
«Евроспорт 2» телеарнасының эфирінде спорттық шаралар туралы арнайы репортаждар мен тікелей трансляциялар беріледі. Сонымен қатар, соңғы спорттық жаңалықтар іріктеліп алынып, спорттың заманауи түрлері мен ең басты спорт мерекелері туралы жайында видеожурнал жасалады.

Eurosport
Спорттық телеарна. «Eurosport» бағдарламасында аса ірі спорттық шаралар туралы жаңалықтар, репортаждар мен толық ақпарат беріледі. Арна спорттың жүзден астам түрін қамтып, әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды таратудың эксклюзивті құқын иеленген.

Viasat Sport
Спорттық-ойын-сауық арнасы спорттық шараларды тікелей трансляциялау мен жаңалықтар блогын және ток-шоуды бірге қамтиды. «ViasatSport» әлемнің әр түкпіріндегі спорттық және атлетикалық шараларды түгелдей қамти алады.

КХЛ ТВ
«КХЛ ТВ» – ТМД аумағындағы алғашқы хоккей телеарнасы. Мұнда Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) матчтарының тікелей трансляциясы көрсетіледі. Жоғары және жастардың хоккей лигасы, матчтар мен ҚХЛ-дың жарқын жұлдыздары мен маусымашар турнирлерді тамашай аласыздар. Сондай-ақ, спорт жаңалықтары, хоккей ойыны мен әйгілі спортшылар туралы деректі фильмдер, олардың өмір жолдары көрсетіледі. Тақырыптық бағдарламалар мен шоулар да бар.

БОКС ТВ
Бұл арна GoldenBoyPromotions (Голден Бой Промоушенс) промоутерлік компаниясының эксклюзивті жағдайда ұсынған келісіміне сай, тікелей трансляция жасайды. Көрермендер елуге тарта бокс кездесуін тамашалай алады. Олардың ішінде ФлойдМейвезер, Деонтей Уайлдер, Маркос Майдана, Бернард Хопкинс, СаульАльварес, АльфредоАнгуло, Дэнни Гарсия секілді талантты боксшылардың жекпе-жегін айтуға болады. Тартысқа толы GoldenBoy шоуын тек қана «БОКС ТВ» арнасында тікелей эфирден тамашалап немесе өзіңізге қолайлы уақытта қайталап көре аласыз! Телеарна шетелдік турнирлер трансляциясынан бөлек, ресейлік бокс пен отандық спортшыларды кеңінен таныту жұмыстарын да қолға алған. Бұл ретте Ресей мен бұрынғы ТМД елдері аумағында ұйымдастырылған жекелеген титулдық бәсекелерді көрсетеді. Арнаның өз бағдарламаларын кәсіби ұйымдасқан ұжым сапалы етіп түсіреді. Ал телеарна мұрағатында Руслан Проводников, Сергей Ковалев, Геннадий Головкин секілді спортшылардың тартысты өткен жекпе-жектері бар.

Наш футбол
Ресейлік футбол премьер-лигасының ресми телеарнасы. Футболдан Ресей РОСГОССТРАХ чемпионатының барлық матчтарын эксклюзивті түрде тікелей трансляция жасайды. Көрермендер сандық сападағы форматта 240 матчты тамашалай алады. «НАШ ФУТБОЛ» арнасында белді еуропалық спорттық телеарналар дайындаған түсірілімнің заманауи технологиялары қолданылады. Осы сападағы көрсетілімдерге Германия мен Англия матчтарын мысалға келтіруге болады. Құрғақ деректерден бөлек, «НАШ ФУТБОЛ» нақты уақыт режимінде телекөрермендерге командалардың талап үдесінен шығып, қарсыластардың қайсысына баса назар аудару керектігін, командалардың қандай комбинациялары аса қатерлі екендігін және өзге де көптеген түйткілді тұстарды жеткізе алады. Футбол матчтарынан бөлек, арна эфирінде футболшылардың, жаттықтырушыларды және спорт журналистикасы жұлдыздарының қатысуымен түрлі бағдарламалар көрсетіледі.

Сетанта Спорт +
Халықаралық спорттық телеарнаның орыс тіліндегі нұсқасы. Телеарна Ағылшын Премьер Лигасының футбол матчтары, Англия, Италия, Аргентиня, Шотландия, АҚШ пен Оңтүстік Америка Кубоктары мен Чемпионаттарының, сондай-ақ, Еуро-2012 іріктеу матчтарынан тікелей трансляция жасау ісіне басымдық береді. Футболдан бөлек, арна бағдарламасында хоккей, бокс, әскери айқас өнері, регби мен автоспорт қамтылған.

Мужской
«Мужской» телеарнасы жасы 20-60 аралығындағы ер азаматтарға арналған. Бағдарламалар ерлердің ерекшеліктеріне орай лайықталған, әрі барынша қызықты. Эфирде көрсетілген бағдарламалардың тақырыптары ерлер үшін аса қызықты. Бұл хабарлар балық аулау, аңшылық пен автокөліктер және қару-жарақ секілді ер азаматтардың әуестігі мен сүйікті ісі туралы баяндайды. Бұған қоса, денсаулық пен спорт және қыз-келіншектерге қырындау мәселелері де көтеріледі.

Paramount Channel
Көпшілікке белгілі америкалық «ParamountPictures» студиясының қорына негізделген «ParamountChannel» арнасы студияның «Крёстный отец», «ФоррестГамп», «Завтрак у Тиффани» секілді классикалық фильмдерін, сонымен қатар, соңғы жиырма жылда түсірілген «Железный человек», «Миссия невыполнима», «Мадагаскар» секілді көптеген блокбастерлерді көрсетеді.

NickJr
NickJr. - мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Мұнда балаларға пайдалы мейірімді әрі күлкілі кейіпкерлері бар мультсериалдар көрсетіледі. Бұл материалдар балдырғандардың қоршаған ортаны танып, достасып, әлсіздерді қорғауға үйретеді. Арнада Nickelodeon брэнді үшін алынған ерекше контент жасақталған: «Чудо-зверята», «Фифи и цветочные малыши», «Даша-путешественница», «Рори. Приключения гоночной машинки».

Муз TV
МУЗ ТВ телеарнасында ресейлік және шетелдік музыкалық клиптер, концерттер тікелей эфирде көрсетіледі. ХХ ғасырдың ең танымал поп-жобалары мен үздік хиттер қамтылған. Музыка мен шоу-бизнес, қалаберді, музыкалық индустриясындағы соңғы жаңалықтар көрсетіледі. Хабарлардың барлығы да көрермен талғамына сай іріктелген.
Музыка первого
Бұл арнада ең үздік бейнеклиптер, концерттер мен хит-шерулер тәулігіне 24 сағат бойы кең форматты сапада көрсетіледі. Қазіргі ресейлік музыка сан қырынан - эстрададан бастап, классикалық рокқа дейін, сәнге айналған жастар стилінен қазіргі кезге дейін халықтың ыстық ықыласына ие танымал хиттердің бәрі де қамтылған. Арна белді продюсерлік орталықтармен байланыс орнатып, музыкалық видео қорын күн сайын толықтырып отырады. Мұнда барлық стиль мен барлық бағыттың бәрі де бар.

Шансон
"Шансон ТВ" - шансонды әр қырынан танып-білуге құмартқандар үшін музыкалық, ақпараттық ойын-сауық бағыттағы телевизиялық арна. Бұл арнада тәулік бойы алуан түрлі музыка беріледі. "Шансон ТВ" дәстүрлі әндер мен орындаушылардың өнерін ұсынады.

Mezzo
Классикалық музыкаға арналған француз арнасы. Джаз, опера, балет, танцы, концерттер мен классикалық музыка. Эфирде эксклюзивті бағдарламалар, қызықты деректі хабарлар, атақты композиторлар мен орындаушылардың өмірі, құнды мұрағат деректері, музыка мен би тарихы, фестивальдер мен музыкалық шаралар көрсетіледі.

Sony Turbo
«Sony Turbo» – еркектердің жаңа арнасы. «Sony Turbo» эфирі еркектер жақсы көретін бағдарламалардан тұрады: тамаша комедиялар, өткір драмалар, әзілді сериалдар, жарқын реалити-шоу, толқытатын деректі фильмдер және үздік әлемдік өндірушілердің кинопрокатынан әлемдік хиттар. Өткір сезімдер жеткіліксіз бе? Sony Turbo: Керемет сипат!

Детский
«Детский» телеарнасы жастары 4-10 аралығындағы балаларға арналған. Эфирде балдырғандар үшін ең қызықты материалдар ұсынылады. Мұның ішінде көркем фильмдер, мультфильмдер мен сериалдар және ойын-сауық-танымдық хабарлар да бар.

TiJi
Жасы 2-7 аралығындағы бүлдіршіндердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жасақталған балалар арнасы. «TiJi» балдырғандардың балаң түсінігіне сай, олардың қоршаған ортаны танып-білуіне көмектеседі. Мейірім шуағына толы арна материалдары танымдық фильмдерден, мультфильмдер мен қуыршақтар ойнайтын бағдарламаларға толы.

Gulli Girl
Жасы 6-15 аралығындағы балалар мен отбасының барлық мүшелеріне арналған. Қызықты әрі танымдық бағытта. Балалар әлемдегі ең ерекше жандар екендігін ескерген «Gulli Girl» оларға не ұнайтынын жақсы біледі: ғылым, табиғат пен тарих, өнер мен саяхат туралы деректі фильмдер мен тележурналды ұсынады. Қилы оқиғаға толы анимациялық фильмдер, планетамыз бен ғарыш кеңістігі туралы сериалдар көрсетіледі.

Boomerang
«CartoonNetwork» желісіне тиесілі «Boomerang» арнасы отбасылы адамдарға арналған. Күн сайын арна эфирінен «WarnerBrothers», «MGM» және «Hanna-Barbera» жасап шығарған танымал және сүйікті мультфильмдер мен мультсериалдар көрсетіледі.

Загородная жизнь
Тәулік бойы көрсетілетін тақырыптық арна қаладан тыс жерді мекендеген жандар үшін іздегенге сұраған болары анық. Мұнда жерді өңдеу, мал шаруашылығы, құрылыс пен қала сыртындағы құтты қонысты аббаттандыру мәселелері айтылады. Бағдарламаларда берілген ақыл-кеңестер күнделікті өмірде де қарапайымдылығымен құнды. Аудиторияның нақты сұраныстарына бағытталғандықтан, кәсіпқойлар мен әуесқойлардың көңілінен шығатыны анық. Өз өмірін өзі өзгертуге ұмылған батыл жандардың айналасын жанға жайлы әрі қолайлы қылуға талпынған қадамымен танысқыңыз келсе, бұл арна тек сіз үшін.

Телекафе
«Телекафе» – тәулік бойы тарайтын аспаздық телеарна Первый каналдың «Цифровое Телесемейство» жобасы аясында жасақталған. Мұнда әйгілі шеф-аспаздар мен халыққа танымал тұлғалар ас бөлмеде тамақ дайындап, бұл істегі өздерінің құпияларын айтып, сүйікті тағамы туралы әңгімелейді. Арна ас - адамның арқауы деген мәтелді мойындап қана қоймай, тамақ дайындауды жақсы көретін жандарға арналған.

Охота и рыбалка
Арнаның атауына қарап-ақ, оның бағытын аңғаруға болады. Телеарна эфирі ит жүгіртіп, құс салған аңшылар мен балықшылар өмірінен дайындалған бағдарламалар, очерктер мен репортаждардан тұрады. Ер азаматтардың сүйікті ісін де телеарна назардан тыс қалдырмапты.

JimJam
«JimJam» телеарнасы Ұлыбритания, АҚШ пен Австралиядағы мектеп жасына дейінгі балалардың № 1 бренді. Балдырғандар назарына қуыршақтар мен анимациялар, қызықты оқиғалар, сазы мен биі үйлескен қойылымдар ұсынылады. Сонымен қатар, ермексаздан жасалған кейіпкерлерді де тамашалай алады. Бағдарламалардың ұзақтығы балалардың телевизиялық материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты 5-25 минут аралығында. Әрі күн режимі де ұйқы, суға шомылу, серуендеу секілді бүлдіршіндердің кестесіне сәйкес жасалған.

Extreme Sports
Спорттың экстремалды түрлері мен тәуекелге бас тіккен жандарға арналған әлемдегі алғашқы телеарна. Мұнда көрсетілер хабарлар легі альпинизм, виндсерфинг, скейтбординг, сноубординг, суастында жүзу секілді спорт түрлерін кеңінен қамтиды.

Время
«Время» — ел тарихына сүбелі үлес қосқан тұлғалар тағдырын баяндайды. Тележүргізушілер мен актерлер, саясатшылар, спортшылар өздерінің көп айтыла бермейтін өмір жолдары туралы әңгімелеп, дәуір келбеті, өткен онжылдықтардағы маңызды оқиғалар туралы ой толғайды.

Усадьба ТВ
«Усадьба ТВ» – түрлі бағыттағы тақырыптардың басын біріктірген отбасылық энциклопедия іспетті. Көрермендер өздеріне қажетті ақпаратты алып, оны іс жүзінде де қолданып көре алады. Телеарнада жылжымайтын мүлік нарығы мен осы саладағы заңдарды қамтыған түрлі бағдарламалар ұсынылған. Сонымен қатар, бау-бақша өсіру ісі, құрылыс жұмыстары мен бағбандық мәселелері де кеңінен қамтылады.

СТС International
СТС Int . — отбасыға арналған басты ресейлік ойын-сауық арнасының халықаралық нұсқасы. Күн сайын тәулік бойы қызықты сериалдар мен әзіл және ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі. Олардың ішінде «Кухня», «Последний из Магикян», «Два отца и два сына», «6 кадров», «Одна за всех», т.б. атап өтуге болады. СТС арнасында саясат, насихат және жаңалықтар жоқ. Сізге СТС-пен бірге бос уақытыңызды сәтті өткізуіңізге тілектеспіз!

Первый Северный
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Первый северный» телеарнасы өз көрермендерін өмірге байсалды көзқараспен қарап, белсенділік танытуға үндейді. Түрлі жанрларды қамтитын рейтингі жоғары бағдарламалармен қатар, «ТВ-3 Москва» телеарнасының өнімдері де ретрансляциянады. Бағдарламалардың танымалдығы жөнінен әдеттегідей әлеуметтік маңызды мәселелерді қозғаған сюжеттер, қоғамдық маңызды мәселелер туралы пікірталас көш бастап тұр.

Твоё ТВ

77TV
Өңірлік арна, оның эфирінен Сіз елдің және Жамбыл облысының өмірі туралы жаңалықтар блоктарын, аймақтың тарихи және мәдени мұрасы туралы бағдарламаларды және тағы басқаларды көре аласыз.

Той Думан
«Той Думан» – хабар таратудың жаңа қағидатына айналған және өз эфирінде тек қана қазақ тілінде бейне баяндар мен теледидар бағдарламаларын пайдаланатын музыка мен ойын-сауық телеарнасы.

Сетанта КЗ

Euronews (тест)
Еуропадағы жетекші ақпараттық телеарна. «Euronews» эфирі негізінен әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттық блоктардан жасақталады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде қарауға болады.

Atameken Business Channel
«Atameken Business Channel» - алғашқы және жалғыз Қазақстан, ЕАЭС, ТМД және әлемнің бизнес жаңалықтарын тарататын отандық арна. «Atameken Business Channel» - бұл қаржы, экономикалық, саясат туралы жаңалықтар, талдау, рейтингтер, қорытындылар және болжамдар, валюта бағамдары және бағалы қағаздар, құнды металдар, шикізат және шикізат емес ресурстар нарығы, банктер, биржалар, компаниялар жаңалықтары.

Туран ТВ (тест)
«Тұран ТВ» - алғашқы балық аулауға, аң аулауға және белсенді өмір салтына арналған қазақстандық арна. Телеарнаның басты мақсаты — ішкі туризмді, табиғаттағы белсенді демалыс, ұлттық спорт түрлерін және мәдениетті насихаттау. Тележоба қонақтары — өз ісінің шеберлері, жұлдыздар және білікті мамандар — өздерінің немен айналысатындары туралы, құнды тәжірибелерімен бөліседі, балық аулау, аң аулау, саяхатқа шығу және спорт туралы әңгімелерін айтады.

Ел Арна (тест)

Cinema

Spike

Қазақстан
Жалпыұлттық мемлекеттік ақпараттық ойын-сауық телеарна. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға объективті баға береді. Телеарна қоғамның барлық топтарына бағытталып, түрлі жастағы көрермендерді түгел қамтиды. *Арнада «Shift TV» телехабарларын кейін тамашалау сервисі қарастырылған.

Хабар
Қазақ және орыс тілдерінде хабар тарататын мемлекеттің белді телеарнасы саналады. Бұл арнада басымдық жаңалықтар қызметіне берілген. Ақпарат тарату ісінде оперативтілік, эксклюзив, қалаберді, болған оқиғаны толық және объективті тұрғыда қамтуға баса мән береді. Сонымен қатар, телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер де көрсетіледі. *Арнада «Shift TV» телехабарларын кейін тамашалау сервисі қарастырылған.

КТК
Ақпараттық ойын-сауық телеарнасы. Қазақстанның ұлттық хабар таратушы деңгейіне көтерілген, соңғы 15 жылдың ішінде елдің телевизиялық нарығында үздік болып танылған алғашқы жеке телеарналардың бірі. Ақпараттық хабарлар күні бойы тікелей эфирде қазақ және орыс тілдерінде «жаңалықты жаңарту» қағидаты бойынша шығарылады. Техникалық тұрғыдан жақсы жабдықталған арна маңызды оқиғаларды мемлекеттің кез-келген нүктесінен немесе елден тысқары жерлерден тікелей көрсете алады.

НТК
Танымдық ойын-сауықтық телеарна. «НТК» эфирінде ең үздік реалити-шоулар, телесериалдар, ойын-сауықтық және танымдық шоу-бағдарламалар, түрлі жанрдағы фильмдер, сонымен қатар, отандық шоу-бизнес жаңалықтары көрсетіледі.

31 канал
Ұлттық ақпараттық-ойын сауық телеарнасы. «31 канал» ресейлік және қазақстандық ең танымал сериалдар мен телебағдарламаларды таңдап алып, көрермендеріне тек қызықты туындыларын ғана ұсынады. 2008-жылдың наурызынан ресейлік «СТС Медиа» компаниясының әріптестік байланыс орнатты.

24 хабар

Жетінші арна
Арнаның бұрынғы атауы– «Эра ТВ». «Седьмой» қазақстандық телеарналардың ең үздік үштігіне енуді жоспарлап отыр. Эфирге 20.00 шығатын орыс тіліндегі жаңалықтар мен сағат 22.30 шығатын қазақ тіліндегі жаңалықтардан бөлек, әрбір екі сағат сайын қысқа жаңалықтарды ұсынып отырады. Мұнда сол сәтте болған басты оқиғалар қысқаша баяндалады. Сонымен қатар, телеарна өз көрермендеріне қазақ және орыс тілдеріндегі фильмдерді ұсынады.

Kazakh TV
«Kazakh TV» - Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық жерсеріктік теледидар арнасы. Елдің ірі медиа-холдингі «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді. «Kazakh TV» Қазақстан туралы және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы өзекті және объективті ақпаратты ұсынады. Арнаның эфирінде – басты қазақстандық және әлемдік жаңалықтар, негізгі саясат, экономикалық, спорттық оқиғалар, олар отандық деректі фильмдердің үздік туындыларымен және классикалық және қазіргі заманғы көркем фильмдермен, балалар киносымен, тарихи-этнографикалық бағыттағы бағдарламалармен және елдің мәдени өміріндегі қызықты оқиғалармен: театр қойылымдары, шығармашылықтың әртүрлі бағыттағы көрмелерін таратумен толықтырылады.

СТВ
Қазақстандық бұл арнаның бұрынғы атауы – «Рахат». Эфирде ақпараттық-танымдық хабарлар, телеарнаның өз бағдарламалары, сонымен қатар, ресейлік «НТВ» телеарнасының қызықты хабарлары мен танымал фильмдері көрсетіледі.

Балапан
Алғашқы отандық балалар арнасы. «Балапан» телеарнасында ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері балдырғандармен қазақ тілінде сөйлеседі. Күн сайын таңертеңгі сағат 10-нан кешкі сағат 10-ға дейін балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің бастан кешірген қызықты оқиғаларын тамашалап, ән шырқап, билеп және қазақша сөйлеп үйренеді. Телеарнаның басты мақсаты – өскелең буынның бойында ұлттық және мәдени құндылықтарды қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет көрсетуді сіңіру. Арнаның мақсатты аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балаларға арналған.

Астана
«Астана» телеарнасы өз өндірісінің ақпараттық-сараптамалық, танымдық және ойын-сауықтық бағытындағы дербес хабарлары бар арна. Бағдарламалар елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі мен мәдени саласын қамтиды. Тез қарқынмен дамып келе жатқан арна телевизиялық бағдарламалар өндірісі мен көркем фильмдер, сонымен қатар, ақпараттық хабар тарату бойынша жетекші арналардың бірінен саналады. Сигнал таралу аумағы – Қазақстан Республикасы.

Первый канал Евразия
«Первый каналдың» қазақстандық үлгісі. Күн сайын эфирде көрермендердің «Первый каналдағы» сүйікті хабарлары мен сериалдары көрсетіледі. Қазақстандық бағдарламаларға да орын қарастырылған. Қызықты деректі жобалармен қатар, әлемдік кинематографтың классикалық жауһарларынан бастап, жаңадан шыққан ең танымал кинолар көрсетіледі.

ОҢ-ТВ
Бұрынғы «ТАН» атауын «ОҢ-ТВ» қылып өзгерткен телеарна өз көрермендерін спортық-ойын-сауық бағытындағы жаңа форматпен қуантты. Басты-басты қазақстандық және шетелдік жаңалықтар туралы «QazaqNews» бағдарламасының материалдарынан білуге болады. Тәуліктің бизнес-хроникасы, сарапшы пікірі мен сараптамалар күн сайын эфирден көрсетілетін «Экономические новости с АсылбекомАбдуловым» хабарында айтылады. Сонымен қатар, танымал телесериалдар, спорттық шаралардың тікелей трансляциялары (негізінен, Чемпиондар Лигасы мен УЕФА-ның Еуропа Лигасының футбол матчтары) көрсетіледі.

ID Fashion
«ID Fashion» - Тәулік бойы жұмыс істейтін сән және өмір салты туралы ақпараттық-ойын-сауық арнасы.

MUZZONE TV
«MUZZONE TV» қазақстандық музыка және ойын-сауық телеарнасы – бұл нон-стоп пішіндегі ең үздік музыка, шетелдік, ресейлік және қазақстандық орындаушылардың жаңалықтары мен хиттары. Музыка әлемінің соңғы жаңалықтары, сондай-ақ телеарна журналисттері отандық шоу-бизнес өкілдерінің барлық құпияларын аяусыз ашатын жұлдыздар өмірі туралы қызықты сюжеттер.

Hit-TV
«Hit-TV» – Қазақстандағы тәулік бойы хабар тарататын ең алғашқы, әзірге жалғыз музыкалық телеарна. 5 жылдың ішінде «Hit-TV» аса танымал ұлттық телеарнаға айналып, халықтың сүйіктісіне айналды. Негізгі аудиториясын жасы 12-35 жас аралығындағы көрермендер құрайды. Телеарна ұстанған бағыт пен көрсетілетін хабарлар да осы топқа арналған. Эфирден музыка әлеміндегі жаңа туындылар, бейнеклиптердің премьералары, тұсаукесер шаралар мен ойын-сауық бағдарламалары, т.б. көрсетіледі.

Gakku TV
Gakku TV — бұл тек қазақстандық музыкаға арналған жалқы музыкалық телеарна. Арна эфирі өткен жылдардағы, сондай-ақ қазіргі заманауи Қазақстанның ең өзекті артистері сияқты отандық эстрада өкілдерінің ең үздік жұмыстарын ойнату тізімінен тұрады. Gakku TV — қазақстандық эстрада антологиясы!

MuzLife
MuzLife – Күн сайын көрермендерімен қауышып, олардың құрметіне ие болған арна. Эксклюзивті жаңалықтар мен сұхбаттар ұйымдастырып, Қазақстан мен шетелдік шоу-бизнес әлеміндегі қызықты жаңалықтар, көңілді клиптер мен алуан түрлі бағдарламаларды ұсынады.

KazSport
Телеарна эфирінде аса танымал спорт түрлерінен өткізілген Қазақстан чемпионаттары, ірі шетелдік жарыстар трансляцияланып, , спорт жаңалықтары, телеарнаның өз бағдарламалары мен деректі фильмдер көрсетіледі. Спорттық шараларды трансляциялау жұмыстары сараптамалық тұрғыда жүргізіледі. Арна комментаторларының ішінде қазақ және орыстілді белгілі қазақстандық спорт журналистері бар.

Алматы
Ақпарат әлеміндегі пайдалы әрі қызықты бағыттарға жөн сілтер қазақстандық телеарна. Күн сайын «Алматы» Қазақстанның күнделікті тыныс-тірлігі мен іскерлік-мәдени өмірі туралы кеңінен және егжей-тегжейлі баяндайды. Оңтүстік астана, ел ішіндегі оқиғалармен қатар, күллі әлемдегі жаңалықтардан да хабардар қылады.

Асыл Арна
Ислам дінін насихаттайтын ағартушы телевизиялық арна. Мұсылман халықтарының тарихи құндылықтарын зерттеп, Исламның рухани-шариғи қағидалары туралы баяндайды. «АсылАрна» телеарнасының эфирінен даусы құйқаны шымырлатар Құран аяттарын тыңдап, дін негіздерімен қызықты форматта таныса аласыздар.
Новое телевидение
Таратудың негізі – меншікті өндіріс. Қазақстандағы алғашқы «За Стеклом» тікелей эфирдегі реалити-шоудың авторлары. Жоба 2003 жылы компания қызметкерлерімен әзірленген және жүзеге асырылған. 2009 жылы Қарағандыда «Алчные Танцы» реалити-шоуын әзірлеген және өткізген. 2013 жылдан бастап жаңа реалити-шоулар жүзеге асырылған: «Три товарища» визуал радиосы, «Слово и Дело» арнайы жобасы; «Твоё кино»; «Зелёная волна»; «Примите поздравления»; «Жүректен жүрекке». «Жаңа телевидение» – оқиға орнынан тікелей таратуды жүргізетін бірден бір отандық телеарна.

ТВ-Азия
Дивандағы дүкен!

Инфо канал

Мир
Бұл арна өз концепциясында адам құқы мен еркіндігіне басымдық беріп отыр. Телеарна хабар тарату саясатында МТРК «Мир» құрушы-мемлекеттердің аумағында орналасқан аудиториясының сұранысын қамтамасыз етіп, ақпараттық және рухани қажеттілікпен қамтамасыз етуше басымдық беріп келеді. Телеарнаның мақсаты – Достастық елдері арасындағы түрлі байланыстарды нығайтып, түрлі кикілжің болған жағдайда өзара мәмілеге келу жолдарын қарастыру болып саналады.

Мир 24
«Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының базасында құрылған телеарна күллі ТМД елдері аумағында болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты еш бұрмалаусыз тәулігіне 24 сағат бойы жылдам жеткізуді өз міндетіне алған. «Мир» Достастық мемлекеттері арасындағы интеграциялық процестер туралы көрсетіп, олардың даму жолдары туралы баяндайды. Арна эфирінде ақпараттық-сараптамалық бағыттағы жаңалықтар топтамасы, сондай-ақ деректі хабарлар да көрсетіледі.

Первый канал
Тек Ресейде ғана емес, әлем бойынша өзінің ақпараттық-ойын сауық хабарларымен танылған, орыстілді телеарна. Тікелей эфирдегі жаңалықтар, көркем фильмдердің тұсаукесері, спорттық бағдарламалар, ток-шоулар мен балаларға арналған хабарлар, мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламаларын Бірінші арнадан көруге болады.

Россия-РТР
Ақпараттық-ойын-сауықтық телеарна. «РТР-Планета» телеарнасының жанрлық хабар тарату құрылымы ақпараттық бағдарламалар, көпсериялы фильмдер мен сериалдар, телепублицистика, ток-шоу, викториналар мен комедиялық және ойын форматында жасақталған. Сонымен қатар, толық метражды көркем және деректі фильмдер, спорттық және қоғамдық саяси оқиғалар трансляциялары да кеңінен қамтылған.

НТВ-МИР
Ақпараттық-ойын-сауықтық арна эфирінде ақпараттық, білім беру және ойын-сауық бағдарламалары көп көрсетіледі. Жоғары деңгейдегі репортаждар мен ақпаратты объективті тұрғыда беру - ұзақ жылдар бойы қалыптасқан «НТВ» арнасының журналистік ұжымының басты ұстанымы.

РЕН
«РЕН» телеарнасы жасы 30-45 аралығындағы белсенді топтағы көрермендерге, әсіресе, ер азаматтарға арналған. Бұл белсенді адамдар соны шешімдер қабылдай білетін, тың мүмкіндіктер іздеп, ұдайы ізденетін санаттан табылады. Телеарна эфирі негізінен мақсатты аудиторияның сұранысына сай түрлі фильмдер мен бағдарламалардан құралған. Сонымен қатар, телекөрермендердің демографиялық және әлеуметтік ерекшелігіне байланысты өз телеөнімдерін де ұсынады.

BBC-World
Дүние жүзіндегі ең танымал жаңалықтар арнасы. Әр сағат сайын «BBC-World» соңғы жаңалықтарды, арнайы және шұғыл репортаждарды оқиға орнынан дайындап ұсынады. Төрткүл дүниедегі оқиғалардан хабардар болғысы келгендерге арналған арна.

CNN
Әлемдегі №1-ақпараттық арна саналады. «CNN» барлық оқиғаларды өзінің ерек көзқарасы тұрғысынан баяндайды. Тәулік бойы эфирден нақты әрі толық ақпарат, бұрмалаусыз репортаждар мен шартарапта болып жатқан соңғы оқиғаларға орын берілген.

Euronews
Еуропадағы жетекші ақпараттық телеарна. «Euronews» эфирі негізінен әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттық блоктардан жасақталады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде қарауға болады. Тарату тілін ауыстыру үшін арна қосулы тұрған кезде басқару пультіндегі STB жасыл нүктесін басып, менюдегі «Доступные языки» бөліміне кіріп, қалаған тілді таңдап «OK» тетігін басасыз.

Россия 24
Өз көрермендеріне ең соңғы жаңалықтарды жеткізуді мақсат еткен ақпараттық арна. Арна эфирінен әлемдегі маңызды оқиғалар, Ресейдегі жаңалықтарға орын берілген. Көрермендер аймақтық мемлекеттік телерадиокомпанияларға қосылады немесе жекелеген материалдарын пайдаланады. Сонымен қатар, экономика, спорт, мәдениет, жоғары технологиялар мен арнайы репортаждар, журналистік зерттеулер, қоғамдық-саяси және өзге де маңызды шаралардан тікелей трансляциялар жасайды.

Россия К
«Культура» телеарнасы классика әлеміндегі жаңалықтарға саяхат жасайды. Музыка, әлемдік кино жауһарлары, тарих пен ғылым, театр, бейнелеу өнері, сонымен қатар, қызықты әрі қоғамдық пікір туғызған тақырыптарға телеарна эфирінен орын берілген.

Русский Иллюзион
«Русский Иллюзион» телеарнасы ресейлік және кеңестік кезеңде түсірілген көркем фильмдерді көрсетеді. Сонымен қатар, отандық кино шеберлерінің ретроспективалары, түсіру алаңынан репортаждар мен ресейлік премьералардың анонсы көрсетіледі. «Русский Иллюзион» арнасында айына жүздеген фильм көрсетіледі, көрермендерін сыйлықпен жарылқайтын байқаулар, танымал тұлғалар мен актёрлармен кезедсулер, жаңалықтар және кино тарихы көрсетіледі.

Иллюзион +
Телеарна ең үздік шетелдік киноларды ұсынады. «Иллюзион +» эфирінде комедия, мелодрама, action, фантастикалық және анимациялық фильмдер секілді барлық жанрды қамтыған культтік туындылар көрсетіледі.

TV1000
TV1000 арнасында әлемдік кинематографтың кез-келген көрерменнің көңілінен шығар туындылары көрсетіледі. Бұл ретте романтикалық мелодрамалардан бастап, мейірім шуағын шашқан комедияларды, психологиялық триллерлер мен сюжеті қым-қиғаш атыс-шабысқа толы фильмдерді айтуға болады.

TV1000 Action
TV1000 Action - сюжеті қым-қиғаш фильмдер: голливудтық блокбастерлер, криминалдық драмалар мен фантастика және триллерлерге толы.

TV1000 Русское кино
«TV 1000 Русское кино» – кинопрокатқа жаңа шыққан туындылар мен атақты кинофестивальдерде топ жарған шығармалар, отандық классиканың көрермендеріне арналған ең үздік ресейлік фильмдерді көрсетеді. Канал форматы кең аудиторияға басымдық береді. Бұл телеарнаны жастар мен аға буын өкілдері сүйіп көреді.

МУЛЬТ
МУЛЬТ— кішкентай бөбектерге арналған ресейлік мультфильмдер арнасы. Телеарна эфирінен соңғы кездегі танымал мультсериалдар, балалар анимациясының хиттері, сондай-ақ, «Союзмультфильм» мен «Гостелерадиофондтың» классикасы көрсетіледі. Ата-аналар МУЛЬТ телеарнасына баласын сеніп тапсыра алады. Өйткені, мұнда ешқандай агрессиялық ақпараттар, ешқандай жарнама жоқ. Арна контенті мұқият таңдалып, жастары 1,5-6 аралығындағы бүлдіршіндерге арналған.
Sony Channel
Sony Channel – бұл әйелдер қауымдастығы. Sony Channel — бұл сюжеттің негізі әйелдерге байланысты мелодрамалар, комедиялар, детективтер, драмалар, бағдарламалар және реалити-шоу. Sony Channel қалай қызықтыруды, еліктіруді, романтикаға көңілді бөлуге, өзгеріске шаббытандыруды, күлдіруді және арманға сендіруді біледі.

Sony Sci-Fi
Sony Sci-Fi табиғаттан тыс, фантастикалық болашақ әлемін ашады, білім шекарасын кеңейтеді. Мұнда барлығы бiр секунда өзгеруі мүмкін: жаңа галактика пайда болады, қалалық аңыздар шындыққа айналды, ботаник супер кейіпкерге айналады, технологиялар әлемді танымастай өзгертеді, ал ғылыми парадокс логикалық түсінік табады. \Бренд уәдесі былай делінеді: Сіз білетін шындық, көптің бірі ғана! Телеарна слоганы: Сіз де осыны көріп отырсыз ба?

КИНО ТВ
Кинематографқа тәнті жандарға арналған. Белгілі ресейлік режиссерлердің фильмдері, блокбастерлер, сыйлы кинофестивальдерде жүлделі болған картиналар, кеңестік кинематографтың классикасы, жаңа авторлық кино, сондай-ақ, жаңа сериалдар көрсетіледі.

Fox
Fox — 1993-жылы Латын Америкасында FoxInternationalChannels компаниясымен іске қосылған алғашқы телеарна. Арна өз көрсетілімдерін әр алуан жанр мен стильдегі үздік шетелдік телевизиялық сериалдармен толықтырып отырады. Телеарнаның аудиториясын жасы 18-35 аралығындағы ер азаматтар мен қыз-келіншектер құрайды.

Fox Life
FoxLife — барлық отбасыға арналған ойын-сауық арнасы. Телеарна дәстүрлі "әйелдер арнасын" қарағанды жақтырмайтын қазіргі заманғы, белсенді әрі шығармашыл қыз-келіншектерге лайық. Арна өз көрсетілімдерін көптеген телесериалдар мен реалити-шоулармен толықтырып отырады.

Viasat Nature
Отбасыға арналған ойын-сауық танымдық бағыттағы жаңа телеарна. Мұнда табиғат пен жануарлар әлемі туралы Дэйвид Аттэнборо, Найджел Марвен жәнеБен Фогл секілді белгілі саяхатшылар, натуралистер мен тележүргізушілердің қатысуымен түсірілген деректі фильмдер мен бағдарламалар көрсетіледі.

Viasat-History
«Viasat-History» телеарнасы саясат пен қоғам, ғылым мен мәдениет әлемінен сыр шертеді. Көне заман өркениеті мен адамзат баласының қол жеткізген биіктері туралы әңгімелейді. Өнертапқыштар қолынан шыққан ғаламат туындылар мен ерлік туралы баяндап, көрермендерді есте жоқ ескі заманға жетелейді. Арна эфирінен ғылым мен техника тарихы, спорт пен музыка, әскери және сауда-саттық, сонымен қатар, тарихта қалған тұлғалардың өмір жолы айтылатын деректі фильмдер көрсетіледі. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

Viasat Explore
Танымдық бағыттағы «ViasatExplore» арнасы қилы оқиғалар, саяхат пен жануарлар әлемі, машиналар мен спорттың экстремалды түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар, әлемді дүрліктірген қылмыстар туралы деректі туындылар да бар. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

24 Техно
«24 Техно» телеарнасы адам баласы мен қоршаған әлем туралы білгісі келген жандарға арналған. Тәулік бойы тынбай хабар тарататын танымдық телеарнада ғылым мен техника жетістіктері баяндалады. «24 Техно» эфирінен ғылыми-танымал фильмдер мен ресейлік және шетелдік фильмдерді тамашалай аласыздар.

Моя Планета
Саяхат, ғылым, тарих пен адамдар туралы танымдық бағыттағы тәулік бойы хабар тарататын телеарна. «Моя планета» өз көрермендеріне арнап, ең үздік отандық және шетелдік бағдарламаларды, деректі жобаларды ұсынады. 150-ден астам өз ісінің маманы телекөрермендер қызықты, танымдық және заманауи телевизия жетістігіне сүйсінуі үшін талмастан күн сайын тер төгеді.

Travel+Adventure
Телеарна білуге құштар телекөрермендерінің жасы мен жынысына қарамастан, қызықты хабарларды ұсынады. Күн сайын арна эфирінен белгілі шетелдік жүргізушілердің саяхаты туралы ең үздік хабарлар мен деректі фильмдер көрсетіледі. Қай жаққа барып демалуға болатыны туралы айтылған құнды ақыл-кеңестер мен қызықты идеялар, жаһанды шарлаған білікті саяхатшылардың бастан көшірген оқиғалары туралы қызықты сапарнамалар көрсетіледі. «Travel + Adventure» бояуы қанық, әрі анық картинасымен үлкен әсер қалдырады. Жер шарының әр түкпірінен түсірілген материалдар шынайы өмірдегідей әсерлі көрсетіледі.

Discovery Channel
Дүние жүзінде кеңінен таралған аса танымал телеарна. «DiscoveryNetworksEurope» телевизиялық портфолиосымен халықаралық деңгейдегі брендке айналған. «DiscoveryChannel» арнасында шетелдік ғылыми-танымдық фильмдер мен бағдарламалар, адам психикасының тылсым сырларын паш етер эмоцияға толы жоғары сапалы сюжеттер көрсетіледі. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

National Geographic
NationalGeographicChannel (NatGeo, канал NationalGeographic) — АҚШ Ұлттық географиялық қоғамы жасаған ғылыми-танымал фильмдерді трансляциялайтын америкалық арна. Канал негізінен ғылым мен табиғат, мәдениет пен тарихтың сан саласын қамтитын деректі фильмдерді ұсынады. Арнаның көрермендері жәй ақпарат алумен шектелмей, білуге құштарлығымен танылған, жастары 20-54 аралығындағы әлеуметтік тұрғыдан белсенді адамдар, жоғары класс оқушылары мен студенттер.

Animal Planet
Танымдық бағыттағы «AnimalPlanet» телеарнасы жануарлар әлемі туралы сыр шертеді. Бұл жан-жануарлар әлеміне арналған әлемдегі ең алғаш, әрі жалғыз телеарна болып саналады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.

TLC
The Learning Channel – Discovery қауымдастығындағы қазіргі қоғамда аса белсенді Өз ісінің білікті шебері атанып, бала тәрбиелеген әйел азаматарға арналған танымдық телевизиялық арна. Жиһанды кезген саяхатшы мен отбасының ырысына айналған жандар, сырлас құрбылар өмірі мен сән әлемінің соңғы тенденцияларының білгірлері туралы сыр шертеді. Арна эфирінде ресейлік және шетелдік өндірушілердің мода мен өмір салты, кулинария, бала тәрбиесі, саяхат пен той, тағы да басқа көптеген нәрселер баяндалады.

Da Vinci Learning
Жаңа әрі ерекше телевизиялық арна. «DaVinciLearning» арнасы ағарту ісі мен танымдық сипатта жұмыстана отырып, өз көрермендеріне қызықты материалдарды ұсынады. Арна эфирінен табиғат-ана, Жер, адамзат, техника мен мәдениет секілді бес бағытты қамтыған танымдық бағдарламаларды көруге болады.

ZEE TV
«ZEE TV» – тәулік бойы хабар тарататын отбасылық ойын-сауық танымдық телеарна саналады. Мұнда үнді кинематографының экшн, мелодрама, сюжеті қым-қиғаш фильмдер мен мюзиклдер, триллерлер мен отбасылық сагалар секілді барлық жанр қамтылған. Кино қалай түсірілетіні туралы хабарлар, сүйікті актерлердің өмірі мен шығармашылық жолы баяндалып, тартысқа толы реалити-шоулар, саяхат пен салауатты өмір салты туралы хабарлар көрсетіледі. Үндістанды тек «ZEE TV» арқылы ғана біле аласыз!

Карусель
Балаларға арналған «Карусель» телеарнасы Первый канал мен ВГТРК бірлесіп құрған, осыған дейін кеңінен танылған «Теленяня» мен «Бибигонның» базасында құрылған. Эфирден кішкентай көрермендер қос арнаның қызықты хабарларын тамашалап, сонымен қатар, жаңа жобалар мен жаңа жүргізуші-балалармен таныса алады. Арна жас көрермендерге білім нәрімен сусындатуды көздейді.

Cartoon Network
Балаларға арналған мультипликациялық арна. «CartoonNetwork» эфирі заманауи, динамикалық, көңілді кейіпкерлердің әрекеті баяндалатын қызықты мультфильдерді ұсынады.

Nickelodeon
Балалар мен жасөспірімдерге арналған танымал арналардың бірінен саналады «Nickelodeon» арнасында балалар шоуы, тинэйджерлерге пайдалы хабарлар, юниорлардың спорттық жарыстары және қызықты викториналар көрсетіледі. Арна бірнеше тақырыптық блоктар бойынша жұмыстанады: «Программы дошкольникам», «Мультипликация», «Кино и спектакли» және «Игры и конкурсы». *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Тілді ауыстыру үшін алдымен арнаны қосып, басқару пультіндегі жасыл түсті STB нүктесін басып, менюдің «Доступные языки» бөліміне өтесіз. Сосын қалаған тіліңізді таңдап, «OK» нүктесін басасыз.
A1
Өмірге деген талғамы бар ерлерге арналған телеарна – жалықтырмайтын зиялалар үшін себебі олар стиль, бизнес, саясат, техника, ғылым, музыка және де фильмдер мен телехикаяларды тамаша түсінеді. Біздің заманымыздағы кейіпкерлер мен батырлар туралы телеарна ең үздік рейтингті заманауи ерлер телехикаяларын көрсететін болады. Сонымен қатар арна экшн-блокбастерден бастап, қызықты комедияларға дейін әйгілі танымал ерлер жанрларының таңдаулы фильмдерін ұсынады. Сонымен бірге, көрермендерді тәуелсіз журналистикалық зерттеулер, біздің заманымыздағы көрнекті адамдар мен жағымсыз кейіпкерлердің өмірбаяндары мен сұхбаттары, соңғы ғылыми зерттеулер мен эксперименттер, табысты оқиғалар мен басқа да ең өзекті тақырыптарға арналған арнайы таңдаулы деректі бағдарламалар күтеді.

Paramount Comedy
«ParamountComedy» халықаралық деңгейде танымал «ComedyCentral» арнасының ресейлік үлгісі. Арна эфирінен тәулік бойы шетелдік және ресейлік ситкомдар, комедиялық сериалдар, шоулар, скетчтер мен толықметражды комедиялар мен мультфильмдер көрсетіледі. «ParamountComedy» – әр минутты көңілді сәтпен толтыратын телеарна!

MTV Россия
MTV Россия – әлемнің 170 еліне тарайтын алпауыт MTV тобының құрамындағы жастарға арналған ойын-сауық арнасы. MTV арнасының MTV EMA, MTV VMA, Isleof MTV Malta секілді аса ірі салтанатты шаралар мен концерттерді көрсетуге эксклюзивті құқы бар. Әлем жұртшылығы сүйіп қарайтын «Тачка на прокачку», «Подстава» секілді қызықты хабарлар көрсетіледі. Сонымен қатар, ресейлік жүргізушілер мен әртістердің қатысуымен ("MTV вопросы и ответы", "MTV Top 20", "Селебритичарт") хабарлары, отандық концерттер, клиптер, сериалдар мен "Классный час" бағдарламасы да көрсетіледі.

ID Xtra
IDInvestigationDiscovery - тәулік бойы тарайтын ойын-сауық танымдық жерсеріктік телеарна. Арна эфирінен қылмысты тергеу амалдары, медициналық және қылмыс әлемінің құпиялары, бізге бейтаныс әлемнің тылсым сырлары туралы деректі фильмдер көрсетіледі.

A2
A2 - отбасылы жандарға арналған сүйікті орыс сериалдарын көрсетеді. Ресейді түсірілген үздік сериалдар мен хиттер көрсетіледі: «Закрытая школа», «Бедная Настя», «Татьянин день», «Монтекристо», «Общая Терапия», «Закрытая школа», «Ангел или демон» және тағы басқалары. Сонымен қатар, ресейлік режиссерлердің танымал және арт-хаус туындылары, сериал түсірілімдері туралы репортаждар көрсетіледі.

Сетанта Спорт
Халықаралық спорттық телеарнаның орыс тіліндегі нұсқасы. Телеарна Ағылшын Премьер Лигасының футбол матчтары, Англия, Италия, Аргентиня, Шотландия, АҚШ пен Оңтүстік Америка Кубоктары мен Чемпионаттарының, сондай-ақ, Еуро-2012 іріктеу матчтарынан тікелей трансляция жасау ісіне басымдық береді. Футболдан бөлек, арна бағдарламасында хоккей, бокс, әскери айқас өнері, регби мен автоспорт қамтылған.

Eurosport 2
«Евроспорт 2» телеарнасының эфирінде спорттық шаралар туралы арнайы репортаждар мен тікелей трансляциялар беріледі. Сонымен қатар, соңғы спорттық жаңалықтар іріктеліп алынып, спорттың заманауи түрлері мен ең басты спорт мерекелері туралы жайында видеожурнал жасалады.

Eurosport
Спорттық телеарна. «Eurosport» бағдарламасында аса ірі спорттық шаралар туралы жаңалықтар, репортаждар мен толық ақпарат беріледі. Арна спорттың жүзден астам түрін қамтып, әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды таратудың эксклюзивті құқын иеленген.

Viasat Sport
Спорттық-ойын-сауық арнасы спорттық шараларды тікелей трансляциялау мен жаңалықтар блогын және ток-шоуды бірге қамтиды. «ViasatSport» әлемнің әр түкпіріндегі спорттық және атлетикалық шараларды түгелдей қамти алады.

Paramount Channel
Көпшілікке белгілі америкалық «ParamountPictures» студиясының қорына негізделген «ParamountChannel» арнасы студияның «Крёстный отец», «ФоррестГамп», «Завтрак у Тиффани» секілді классикалық фильмдерін, сонымен қатар, соңғы жиырма жылда түсірілген «Железный человек», «Миссия невыполнима», «Мадагаскар» секілді көптеген блокбастерлерді көрсетеді.

Музыка первого
Бұл арнада ең үздік бейнеклиптер, концерттер мен хит-шерулер тәулігіне 24 сағат бойы кең форматты сапада көрсетіледі. Қазіргі ресейлік музыка сан қырынан - эстрададан бастап, классикалық рокқа дейін, сәнге айналған жастар стилінен қазіргі кезге дейін халықтың ыстық ықыласына ие танымал хиттердің бәрі де қамтылған. Арна белді продюсерлік орталықтармен байланыс орнатып, музыкалық видео қорын күн сайын толықтырып отырады. Мұнда барлық стиль мен барлық бағыттың бәрі де бар.

СТС International
СТС Int . — отбасыға арналған басты ресейлік ойын-сауық арнасының халықаралық нұсқасы. Күн сайын тәулік бойы қызықты сериалдар мен әзіл және ойын-сауық бағдарламалары көрсетіледі. Олардың ішінде «Кухня», «Последний из Магикян», «Два отца и два сына», «6 кадров», «Одна за всех», т.б. атап өтуге болады. СТС арнасында саясат, насихат және жаңалықтар жоқ. Сізге СТС-пен бірге бос уақытыңызды сәтті өткізуіңізге тілектеспіз!

МТРК
«МТРК» – муниципалды телеарна. Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысының жаңалықтары.

Первый Северный
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Первый северный» телеарнасы өз көрермендерін өмірге байсалды көзқараспен қарап, белсенділік танытуға үндейді. Түрлі жанрларды қамтитын рейтингі жоғары бағдарламалармен қатар, «ТВ-3 Москва» телеарнасының өнімдері де ретрансляциянады. Бағдарламалардың танымалдығы жөнінен әдеттегідей әлеуметтік маңызды мәселелерді қозғаған сюжеттер, қоғамдық маңызды мәселелер туралы пікірталас көш бастап тұр.

Твоё ТВ

77TV
Өңірлік арна, оның эфирінен Сіз елдің және Жамбыл облысының өмірі туралы жаңалықтар блоктарын, аймақтың тарихи және мәдени мұрасы туралы бағдарламаларды және тағы басқаларды көре аласыз.

Той Думан
«Той Думан» – хабар таратудың жаңа қағидатына айналған және өз эфирінде тек қана қазақ тілінде бейне баяндар мен теледидар бағдарламаларын пайдаланатын музыка мен ойын-сауық телеарнасы.

Euronews (тест)
Еуропадағы жетекші ақпараттық телеарна. «Euronews» эфирі негізінен әлемде болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттық блоктардан жасақталады. *Телеарнаны орыс және ағылшын тілдерінде қарауға болады.

Atameken Business Channel
«Atameken Business Channel» - алғашқы және жалғыз Қазақстан, ЕАЭС, ТМД және әлемнің бизнес жаңалықтарын тарататын отандық арна. «Atameken Business Channel» - бұл қаржы, экономикалық, саясат туралы жаңалықтар, талдау, рейтингтер, қорытындылар және болжамдар, валюта бағамдары және бағалы қағаздар, құнды металдар, шикізат және шикізат емес ресурстар нарығы, банктер, биржалар, компаниялар жаңалықтары.

Ел Арна (тест)

Тарифтік жоспар Арналардың тізімі Ай сайынғы төлем
iD TV элиталық Хит Қазақстан, Хабар, КТК, НТК, 31 канал, 24 хабар, Жетінші арна, Барлық арналар. 2400

Жабдық үшін төлем айына 300 теңгені құрайды

iD TV базалық Қазақстан, Хабар, КТК, НТК, 31 канал, 24 хабар, Жетінші арна, Барлық арналар. 1800

Жабдық үшін төлем айына 300 теңгені құрайды

«Солтүстiк» пакеті
Қазақстан-Қостанай

Қазақстан-Петропавл

Қазақстан-Көкшетау
Қазақстан-Қарағанды

Алау ТВ
«Алау ТВ» - Қостанай облысындағы аймақтық телеарна. Тәулігіне 24 сағат бойы хабар таратады. Эфир уақытының 80% дербес телеөнімдері мен көркем фильмдер құрайды. Ал қалған 20% НТВ бағдарламалары ретрансляцияланады. «Алау» телерадиокомпаниясының журналистерінің күшімен 15-ке тарта авторлық жоба жасалады. Алайда, күн сайынғы жаңалықтар басты жоба болып саналады.

МТРК Петропавловск
МТРК "Петропавловск" — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы. Петропавл мен СҚО-ның күн сайынғы жаңалықтары, тақырыптық хабарлар: «Диалог» – СҚО мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларымен өзекті мәселелерді талқылау, «Медицина +», «Дата» – күннің басты оқиғасы, «Мнение» - түрлі мәселеге қала тұрғындарының көзқарасы.
Первый северный
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Первый северный» телеарнасы өз көрермендерін өмірге байсалды көзқараспен қарап, белсенділік танытуға үндейді. Түрлі жанрларды қамтитын рейтингі жоғары бағдарламалармен қатар, «ТВ-3 Москва» телеарнасының өнімдері де ретрансляциянады. Бағдарламалардың танымалдығы жөнінен әдеттегідей әлеуметтік маңызды мәселелерді қозғаған сюжеттер, қоғамдық маңызды мәселелер туралы пікірталас көш бастап тұр.

5 канал

Дидар
Сфера

Қазығұрт таңы

«Онтустiк» пакеті
Қазақстан-Тараз

Қазақстан-Қызылорда
Қазақстан-Шымкент

Отырар
Айгак

«Шыгыс» пакеті
Жетысу
«Жетысу» – дербес жерсеріктік телевизиялық сигналы бар Қазақстандағы жалғыз облыстық телеарна. Эфирдің басым бөлігін қазақ және орыс тілдеріндегі қоғамдық-саяси, ақпараттық және танымдық-ойын-сауық бағдарламалары құрайды.

Қазақстан-Өскемен
Қазақстан-Павлодар

«Батыс» пакеті
Қазақстан-Атырау

Қазақстан-Ақтөбе
Қазақстан-Ақтау

Қазақстан-Орал
Рика-ТВ

Сіз өз пакетіңізге қосымша аталмыш аймақтық телеарналар пакетін тегін қостыра аласыз. Солтустiк, Онтустiк, Шыгыс, Батыс

Қосымша қызметтерге қосылу мүмкіндігін тексеріңіз

Үш қарапайым қадам арқылы қосылу

Тапсырыс қалдырыңыз
Тегін кеңес
алу
Қосылудың
егжей тегжейлігімен келісіңіз
iD TV-мен пакеттер — интернетті, цифрлік теледидарды және ақылды телефонды біріктіретін тиімді ұсыныстар:
iD TV
"Қазақтелеком" АҚ-ның 7 ең жақсы қызметін қосудың жылдам жолы: 120 Мбит/с-на дейінгі жоғары жылдамдықты интернет, 130 телеарнасы, оның ішінде эксклюзивті HD бар цифрлік теледидар және қосымша қызметтермен цифрлік телефония. Бір квитанциямен төлеу.
Цифрлік сапалы 100-ден астам телеарналар
HD-телеарналары, сұрау бойынша видео және басқа қосымша қызметтер
Барлық телеарналар үшін хабарлар бағдарламасын қараңыз.
iD TV
Қызмет түрі «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық желілерін қолдануға мүмкіндік беретін 22.12.2012-жылы "ALACAST" ЖШС берілген № 12016823 лицензиясы негізінде көрсетіледі.

Ең жақсы тарифті таңдаңыз

Сіздің тегіңіз, атыңыз, жөніңіз
Байланыс телефоны
+7
Электронды пошта мекенжайы
Қала
Осы хабарламаны жібере отырып, менің дербес деректерімді жинақтау, өндеу және сақтауға келісімімді растаймын
Қызметтерге қосылу мүмкіндігін тексеріңіз

Порталдағы қате туралы хабарлаңыз

Сәлеметсіз бе! Егер бірдеңе қанағаттандырмаған жағдайда, өтінеміз бізге табылған қате туралы хабарлаңыз, біз оны жақын арада жоюға тырысамыз
Қате скриншоты
Қате сипаттама
Қосымша сурет