RU
KK
EN
clear
Баспасөз орталығы
14 наурызда Бурабайда ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтті, оған Мемлекет басшысы, Мәжіліс пен Сенат төрағалары, Үкімет мүшелері, депутаттар мен ұлттық комиссия мүшелері қатысты.
Іс-шара аясында "Қазақтелеком" отырысқа қатысушылар үшін 1 Гб/с жылдамдықпен тұрақты сымды интернет байланысын қамтамасыз етті. Абылайхан алаңының аумағында интернет-арнаның өткізу қабілетін 500 Мбит/с-тан 1 Гбит/с-қа дейін ұлғайта отырып, қосымша Wi-Fi кіру нүктелерін орнатты.
Тікелей трансляция және баспасөз орталығының жұмысы үшін интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізу ұйымдастырылды (800 Мб/с астам), сондай-ақ ноутбуктер мен принтерлерді қоса алғанда, 70-тен астам техника орнатылды. Ықтимал техникалық мәселелерге жедел ден қою үшін компанияның техникалық мамандарының кезекшілігі ұйымдастырылды.
«Қазақтелеком» дамыған инфрақұрылымға, интернет желісінде ең заманауи сервистер мен арнайы шешімдерді ұсыну тәжірибесіне ие. Компания дәстүрлі түрде ауқымды әлеуметтік және қоғамдық жобаларға телекоммуникациялық қолдау көрсетеді.
"Қазақтелеком” АҚ Коммуникация
және брендті ілгерілету департаменті