RU
KK
EN
clear
Компания туралы
Қазақстандық телекоммуникация секторы өзгерістерге ұшырауда. Пандемияның әсерінен нарық өзгерді, клиенттер тіркелген байланыстың құндылығын бағалады. Сонымен қатар клиенттердің өнімдер мен сервис сапасына талап қою деңгейі де артты: клиенттердің өлшенетін ниеттестік деңгейі бұл мәселенің стратегиялық назар аударуды қажет ететіндігін көрсетті.
Басты әлеуметтік және өндірістік үдерістерді онлайн-режимге көшіру телекоммуникация саласына екі негізгі қиындық туғызды: біріншіден, ақпаратпен алмасу үшін тұрақты ортаны қамтамасыз ету қажеттілігі, екіншіден, клиенттік желілік сервистер мен дайын онлайн-шешімдердің болуы және оңай өрістетілуі. COVID-19 пандемиясының әсерімен өткен 2020 және 2021 жылдар телекоммуникация нарығының бұрын-соңды болмаған даму кезеңін белгіледі. Мәжбүрлі өзін-өзі оқшаулау жағдайында адамдар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу үдерістері негізінен онлайн-форматқа көшті, осының нәтижесінде инфотелекоммуникациялық сервистердің рөлі шешуші болды. Егер 2020 жылы гибридті өмір сүру форматы дүрбелең әкеліп, хаос тудырса, 2021 жылы әлеуметтік және бизнес-үдерістерді дәстүрлі офлайн және қашықтағы онлайн форматтарға тиімді біріктіру мүмкіндігі жаңа шындыққа айналды. 2022 жылы Мемлекет басшысының саяси реформалар бағдарламасы және барлық билік органдарының әлеуметтік бағдары қабылданды, сәуір айында Қазақстанның Үкіметі «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28%-дан астамын мемлекет меншігіне қайтару туралы қаулы қабылдады. Қоғамдық институттар мен БАҚ рөлі артып келеді. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікті қорғау мен дамыту саласындағы пайымы өзгерді, Топтың мобильді операторларының арасынан біреуін бәсекелестік ортаға шығару талабы пайда болды және бұл талап шешім қабылдау сатысында. Бұл «Қазақтелеком» АҚ қызметі үшін жаңа болмыстар мен жағдайлар жасайды, оларды ескере отырып, одан әрі тұрақты өсуді қамтамасыз ету қажет.
Мұнымен қатар «Қазақтелеком» АҚ сөзсіз нарық көшбасшысына айналды. «Қазақтелеком» АҚ өзінің іс-әрекеттерімен нарықтың жөн-жосығы мен болашақтағы өсуін айқындайды. Қоғамның күш-жігері пандемия салдарын азайтуға, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Өсе түскен қажеттіліктерді түсініп, компания негізгі бизнесті цифрландырумен айналысты. Екі жыл ішінде сату мен сервис цифрлық арналарға көшірілді, нарыққа жаңа өнім – TV+ шығарылды.
Қалыптасқан жағдайда компанияның міндеті – клиентке бағдарлануға, технологиялыққа, әлеуметтік тұрақтылыққа, БАҚ қоғамдық институттары мен блог саласындағы белсенділікке назар аудару арқылы саладағы қазіргі көшбасшылық ұстанымды сақтау.
Стратегия «JRun» деп аталады, «жастар басқарады» дегенді білдіреді (Jastar Run), жаңартылған қарқынды алға ұмтылу деген мән-мағынаға ие және компанияның жаңаруын дабейнелейді.
«JRun» сөз тіркесі – аббревиатура және төрт стратегиялық даму бағыты атауларының әріптерінен алынған:
Jaqyn – Клиентке бар ынтамен қызмет ету
Birlik – Өзгермелі жағдайдағы бірлік
Alau – Үздіксіз жаңару
Оrken – Тұрақты даму
«JRun» стратегиясының жаңа атауы серпінді ұмтылыспен, қарқынды өсумен және жылдамдықпен байланысты, ол«Қазақтелеком» АҚ компаниясының даму векторын бейнелейді.
Стратегиялық даму бағыттары қазақ тіліндегі ұғынықты сөздермен аталған, бұл сөздер компанияның клиенттері, жұмыскерлері мен стейкхолдерлері арасында жылулық пен сенім туғызады.
Компания 2019-2029 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыра отырып, еліміздің телекоммуникация нарығы мен саласына әсер еткен бірқатар өзгеріске тап болды. Осыған орай ескерілуі тиіс бірқатар фактор туындады.
Мұнымен қатар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы барысында жаңа басымдылықтар, оның ішінде көміртек бейтараптылығына қол жеткізу айтылды. «Самұрық-Қазына» АҚ осы тапсырмаларды орындау мақсатында өз стратегиясында, оның ішінде портфельдік компаниялар құрамында ESG қағидаттарын енгізуді белгілеп өтті.
Сондай-ақ негізгі акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2021 жылдың қыркүйек айында қабылданған стратегиясын өзектендіру маңызды фактор болып табылады.